Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Наурыз, 2020

840

Атырау: КХА 14 мұқтаж отбасыға көмектесті

Коронавирус эпидемиясы өршіп тұрған кезде жанашырлық танытып, замандарстарының қамын ойлап, көмек беріп жатқан азаматтар, ұйымдар аз емес. Солардың бірі - Атырау облысы ҚХА жанынан құрылған қоғамдық келісім кеңесі және этно мәдени бірлестіктер.

ҚХА қоғамдық келісім кеңес мүшелері мен «Былина» этномәдени бірлестігі жалғызбасты қарияларға және мүмкіндігі шектеулі балалары бар 14 отбасыға азық-түлік таратып, әр отбасыға 20 000 теңгеден ақшалай көмек көрсетті.

Елде жарияланған төтенше жағдайға байланысты аталған санаттағы азаматтырдың жағдайын ескере отыра көмек беру шарасын ұйымдастырған КХА Қоғамдық келісім кеңес төрағасы Нұржан Ермухановтың айтуынша бұл отбасылар қаладан шалғай жатқан Дамбы, Геолог, Химпоселок, Алмагүл, Балықшы, Авангард мөлтек аудандарында орналасқан.


«Былина» этномәдени бірлестігінің жетекшсі А.Кораблев быай дейді: «Бүгінде әлем індеттен қорғанып жатыр. Осындай қиын-қыстау шақта бірлесіп, бір-бірімізге көмек бергеніміз дұрыс. Жанашырлық танытып, қолымыздан келгенше көмектесейік. Бүгін біз де шын ниетпен қой сойып, мұқтаж жандарға тараттық, ақшалай көмек көрсеттік».

Кейін қарай