Қазақстан халқы Ассамблеясы

09 Қараша, 2021

245

Атырауда «Қазақстанның берік ұстанымы — татулық, достық, конфессияаралық келісім» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Атырау қаласының Достық үйінде «Қазақстанның берік ұстанымы — татулық, достық, конфессияаралық келісім» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Жиында Атырау облысы Дін істері басқарма басшысы Қайролла Көшқалиев ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 453 және 490-баптарында көзделген құқықтық жауапкершілік туралы мағлұмат берді. Сондай-ақ, этносаралық және дінаралық, конфессия аралық келісімге сызат түсіретін әртүрлі контенттегі жағдайды негізге ала отырып, бей­бітшілік пен келісімді қамтамасыз ету тетіктерін және бүгінгі сын-қатер­лерден сақтану жолдарын атап айтты.

Қазіргі кезде әлеуметтік желідегі жастардың іс-әрекеттерін қадағалау, оларға дұрыс бағдар беру және ұлтаралық татулықты, ішкі және сыртқы тыныштықтың нығаюын насихаттауды ұсынылды.

Ардагер-ұстаз Серік Сапанов ғибратты әңгімесінен сыр шертті. Қазақ елінің тарихындағы ислам дінінің алар орны мен ұлт болып қалыптасудағы ықпалына тоқталды. Жиын соңында ұсыныс - пікірлер еркін айтылып, қатысушылар өз ойларымен бөлісті.

Айта кетелік, Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен «Жәрдем-Атырау» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыс жоспарына сәйкес, жергілікті этно-мәдени бірлестіктердің қатысуымен өтті.


Кейін қарай