Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Сәуір, 2021

455

Атырауда «Жанжалдарды шешу өнері» тақырыбында тренинг болды

Атырау қаласының Достық үйінде ерекше тақырыпта тренинг өтті. Оған қатысушылар этносаралық ахуалға теріс әсер ететін арандатушылық өтініштерге немесе іс-әрекеттерге жол бермеу, түсіндіру жұмыстарын жүргізу және алдын алу бойынша лекциялар тыңдалып, ұлтаралық қақтығыстардың орын алуына себеп болатын жағдайлар айтылды. Күнделікті өмірде, қоғамда, тіпті жұмыс орнында туындайтын қақтығыстардың түрлеріне де жан-жақты мысалдар келтірілді.

Тренингті жүргізген «Қоғамдық Келісім» КММ-нің бас сарапшысы Жанат Асабаева қатысушыларға қақтығыстар орын алған жағдайда қандай әрекет қолдану жолдарын тәжірибе жүзінде саралап көрсетті. Әр қатысушы топ өзіндік ой-пікірін білдіріп, топтық жаттығулар, рөлдік ойындар мультипликациялық фильмдерді көру арқылы тапсырмалар орындады.

Тренингке ерекше атсалысқан «Еділ Жайық» этномәдени бірлестігінің төрағасы Қазақбай Бекмұратов, Қазақстан түріктері қоғамы Атырау облыстық филиалы төрағасы Абубакир Мурадов, «Иверия» грузин этномәдени бірлестігінің төрағасы Зураб Бобохидзе болды.

Ұлтаралық қақтығыстардың қоғамда жиі орын алуы ең біріншіден адами құндылықтардың төмендігінен, сыртқы факторлардың кері әсер етуінен болатыны және кез келген қақтығысты бейбіт жолмен шешу жолдары айтылды.

Кейін қарай