Қазақстан халқы Ассамблеясы

29 Ақпан, 2016

846

«Ауылға кыззар килде» театр көрінісі ("Ауылға қыздар келді")

2016 жылдың 28 ақпанында сағат 17.00-де Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратынла ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау аясында  М.Акмолла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университеті, башқұрт филологиясы факультетінің «Корос» фольклорлық-театр ансаблінің «Ауылға кыззар килде» (Ауылға қыздар келді) театр көрсетілімі өтті.

Ұйымдастырушылары - Ақтөбе облысының татар, башқұрттарының «Шатлық» этномәдени бірлестігі. Шығарма авторы Н.Гаитбаев, қоюшы-режиссері И.Лукманов.

Спектакль соңында «Ақтөбе облысы әкімінң аппараты» ММ «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Г.Шерниязова, Облыстық Достық Үйі директоры Р.Беркешова, Ақтөбе облысының татар, башқұрттарының «Шатлық» этномәдени бірлестігінің төраймы Э.Хабибуллина алғыс келген қонақтарға алғыс айтты.

Спектакль қатысушыларының барлығы алғыс хаттарымен марапатталды.

«Корос» ансамблінің төл таланты мен кәсіпқойлығы ақтөбелік көрерменді баулады. 

    

 

 

«Ақтөбе облысы әкімінң аппараты» ММ

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Кейін қарай