Қазақстан халқы Ассамблеясы

28 Қыркүйек, 2016

1038

Қайырымдылық-адамгершіліктің белгісі.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Ахыска» Қазақстан түріктері қоғамы Атырау облыстық филиалы 2016 жылғы 26 қыркүйек күні Атырау қаласындағы  кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілеріне  қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Екі жылдан бері «Ахыска» түріктер қоғамының филиалы жоғарыда аталған мекеме тәрбиеленушілерге осындай акцияларын өткізуді дәстүрге айналдырған.

Атырау қаласының орталығында орналасқан түрік мейрамханасында ұлттық киім киген «Ахыска» қоғамының мүшелері 20 балаға қайырымдылық түскі ас беріп, мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Түскі астан кейін «Defakto» түрік дүкенінде балаларға 300 000 теңгеге жылы киімдер алып, сыйға тартты.

Атырау қаласының «Ахыска» түріктер қоғамы филиалының төрағасы Абубәкір Мұрадов: «Бұл акция  игі дәстүрге айналып бара жатыр. Осы орталықтың тәрбиеленушілеріне қайырымдылық іс-шараны екі жыл бойы өткізіп келеміз. Мекемеде тәрбиеленіп жатқан 20 баланың жағдайымен танысып, ой-пікірлерін тыңдадық. Барлық өнерімізді салып, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлауға тырыстық. Үлкен ел – үлкен отбасымыздың татулығы, амандығы және бірлігі үшін осындай игі іс-шаралар дәстүрге айналып, әрі қарай жалғасын табады деген ниеттеміз, - деп өз әсерімен бөлісті.

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының  директоры  Ғалия Бижанова акция ұйымдастырушыларға да  өз алғысын білдіріп, еңбектеріне сәттілік тіледі. 

Атырау облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Кейін қарай

Ең оқылымды