Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Желтоқсан, 2015

968

Қайырымдылық акциясын қорытындыладық!

 27 қараша күні Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының Қайырымдылық ұйымдарының, меценатар мен донорлардың І республикалық съезі болып өтті. 

 

27 қараша күні Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының Қайырымдылық ұйымдарының, меценатар мен донорлардың І республикалық съезі болып өтті.

Съездің басты мақсаты – елде қайырымдылықтың дамуына жаңа екпін беру, қайырымдылықпен айналысатын барлық ұйымдар мен азаматтардың бірлесуіне жәрдемдесу болып табылады. Ақмола облысынан съезге делегат болып Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Киикова, «Орыс қауымдастығы» бірлестігінің төрағасы Александр Артеменко, «Қоғамдық келісім» КММ – нің жетекшісінің орынбасары міндетін атқарушы Ирина Панасюра, «Бари» армян этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Рузанна Дегоян, Чуваш этномәдени бірлестігінің төрағасы, облыстық маслихат депутаты Елена Мащинская қатысты.

Съезд барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының қайырымдылық саласындағы конкурстары мен жобаларының қорытындысы шығарылып, аталған азаматтар Қазақстан халқы ассамблеясының алғыс хаттарымен марапатталды. Өңірге оралған делегаттар 2 желтоқсан күні Ақмола медиаорталығында журналистерге арналған брифинг өткізді. «Қоғамдық келісім» КММ жетекшісінің орынбасары міндетін атқарушы Ирина Панасюра «Қазақстан халқы Ассамблеясы – 20 игілікті іс» республикалық акцияның аясында 2015 жылы Ақмола облысында әлеуметтік жобаларды іске асыруға бағытталған бірқатар қайырымдылық іс-шаралар туралы толығырақ баяндап берді.  

 

Атап айтқанда, 2015 жылғы 7-12 ақпан аралығында «Мейірім» қайырымдылық акциясы өтті. Акция қоғамдық келісім кеңестерінің қатысуымен және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарынан, мемлекеттік органдар мен этномәдени бірлестіктердің басшыларынан, шағын және орта бизнес өкілдерінен демеушілерді тарту арқылы барлық аудандар мен қалаларда және ауылдық округтерде ұйымдастырылды. 

752 аз қамтылған көп балалы отбасылар «Мейірім» акциясының қатысушылары болды, оларға 17 млн. 170 мың теңге жалпы сомасына көмек көрсетілді.

Акция өткізу барысында көп балалы отбасыларға көмек көрсетілді, атап айтқанда: жиһаз сатып алуға - 2210 мың теңге; отын үшін - 1538,5 мың теңге; киім-кешек - 1001 мың теңге; тамақ өнімдері - 3613,6 мың теңге; тұрмыстық техника - 1879 мың теңге; тұрғын үйді жөндеу - 2050 мың теңге; материалдық көмек – 1736 мың теңге, коммуналдық қызметке және балаларын оқытуға төлем - 1400 мың теңге және басқа да көмек түрлері - 1741,9 мың теңге. 

Ағымдағы жылғы сәуірінде облыстың аудандары мен қалаларында «Асар» қайырымдылық акциясы өткізілді. Акция барысында 4 млн. 529 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді. Көмек кеңсе тауарлары, киім-кешек, аяқ киім, ойыншық, тұрмыстық техника, жеке арба, емделуге қаражат, тамақ өнімдері түрінде көрсетілді.

2015 жылғы 13 ақпанда «В капле твоей крови чья-то жизнь!» облыстық акциясы ұйымдастырылды. Көкшетау қаласындағы «Ақмола облысының орыс қоғамы», «Әзірбайжандар қауымдастығы» қоғамдық бірлестіктері және этномәдени орталықтардың жастар көшбасшылары акцияның бастамашылары болды. Акцияның негізгі мақсаты – донорлық қан тапсыру. Акцияға 70-тен астам адам қатысты.    

Ақмола облысында 2015 жылғы ақпан-мамыр аралығында «Спешите делать добро» акциясы өтті. Акцияның аясында қайырымдылық мерекелік ас ұйымдастырылды және мүгедек балалар мен «Мәңгілік ел: бір ел – бір тағдыр» достық фестивалінің қатысушыларына 186 мың теңге жалпы сомасына сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар, су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге тамақ өнімдері, киім-кешек, аяқ киім, жеке гигиена құралдары түрінде 505 мың теңге жалпы сомасына материалдық көмек және 1 млн. 142 мың теңге сомасында ақшалай көмек көрсетілді. 

 

«Видергебург» Ақмола облысы немістері қоғамының бастамасы бойынша 2015 жылдың. наурыз айында «Толерантность – путь к культуре мира» және «Цепочка милосердия» акциялары өткізілді. Аталмыш акция барысында неміс мәдениеті мен дәстүрін білу викторинасы өтті, жеңімпаздар 35 мың теңге жалпы сомасына дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. «Цепочка милосердия» акциясына қуғын-сүргінге ұшыраған 28 зейнеткер қатысты, оларға 210 мың теңге жалпы сомасында ақшалай көмек көрсетілді.  

2015 жылдың сәуірінде «Вспомним всех поименно!...» облыстық патриоттық акция өтті, оның бастамашылары ретінде этномәдени орталықтар ұсынылды. Акцияның мақсаты: Ұлы Отан соғысы батырларының есімімен аталған көшелерді тазалау және абаттандыру. 

2015 жылғы 5-9 мамырда облыстың барлық аудандары мен қалаларында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Войны священные страницы навечно в памяти  людской!» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Акцияның аясында мерекелік концерттер, қайырымдылық ас, азық-түлік топтамасын табыс ету ұйымдастырылды. Ақмола облысы поляктарының бірлестігімен «Воинам Великой отечественной войны, вернувшимся с Победой» ескерткіші дайындалып, орнатылды. Акцияға ҰОС ардагерлері, тыл еңбекқорлары, интернационалист жауынгерлер, лагерлердің кәмелетке толмаған тұтқындары, ҰОС қатысушыларының жесірлері қатысты. Көрсетілген көмектің жалпы сомасы: 2 млн. 630 мың теңге.

 

2015 жылғы маусымда этномәдени бірлестіктердің бастамасы бойынша Балаларды қорғау күніне орайластырылып «Не бывает детей чужих» қайырымдылық акциясы өтті. Акцияның аясында мерекелік іс-шаралар, ойын-сауық бағдарламасы, театрландырылған қойылымдар ұйымдастырылды, сондай-ақ сыйлықтар табыс етілді. Медико-әлеуметтік мекеменің, сағиптар қоғамының, аз қамтылған отбасылардың балаларына, облыстық балалар ауруханасының пациенттеріне 710 мың теңге жалпы сомасына қайырымдылық көмек көрсетілді. 

Қазақ-түрік достығын дамыту орталығы Ақкөл балалар үйінде «Айналайын» акциясын өткізді, оның нәтижесінде балалар үйі үшін 300 мың теңге жалпы сомасына тамақ өнімдері сатып алынды. 

Қарт адамдарға және мүмкіншіліктері шектеулі адамдарға қолдау көрсету айлығының аясында а.ж. қазан айында облыстың 285 елді мекенінде 300-ден астам іс-шара өткізілді. 8 млн. 503 мың теңге жалпы сомасына 2000-нан астам адамға көмек көрсетілді.   

«Қазақстан халқы Ассамблеясы – 20 игілікті іс» республикалық акциясын өткізудің қорытындысы бойынша 2015 жылы Ақмола облысында көрсетілген қайырымдылық көмектің сомасы 35 млн. 943 мың теңгені құрады. 

«Ақмола облысында қайырымдылық көмек көрсетуге тарту жұмысы «Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасы іс-шараларының аясында 2016 жылы да жалғастырылатын болады. Съезде табыс етілген қоржынды игілікті істерге толтыратын боламыз»,- деді Зере Еспайқызы.

Брифингте сөз алған Александр Артеменко Елбасының жүргізіп отырған саясатына ризашылығын білдіріп, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқан қазақстандықтарды бірлікте болуға шақырды.

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз орталығы

 

Кейін қарай