30 Мамыр, 2019
1749
ҚХА жастары #meninesimde хэштегі арқылы әлеуметтік желілерде саяси қуғын-сүргін тарихымен бөлісу туралы бастама жасады
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» X халықаралық форумы алаңында #meninesimde хэштегі арқылы ҚХА жастары әлеуметтік желілерде саяси қуғын-сүргін тарихымен бөлісу туралы бастама жасады.
Бұл туралы «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы төрағасының орынбасары Тимур Жұмұрбаев мәлімдеді.
Ол ертең табысқа жетуде қасіретті жылдардың қателіктері қайталанбас үшін өткен ұрпақтың сабақтарын жақсы білу қажет екенін атап өтті.
Спикердің пікірінше, Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнінде еліміздің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін қаза тапқан, ұлт зиялыларының көшбасшылары мен тоталитарлық режимнің құрбаны болған адамдарды еске алуға тиіспіз.
Ол «Жастардың жобаларындағы тарихи естелік» алаңында талқыланған басты тақырып – ҚХА жастар қанатының ауқымды флагман-жобаларының біріне айналған «Ұлы Дала Елінің киелі мұрасы» тарихи-экологиялық жобасын еске салды.«Еске алу кемесін жүргізу және тарихымыздың бұл парақтарын жүректе сақтау жауапкершілігі жас ұрпақтың міндетінде», – деді Тимур Жұмұрбаев.
Жастармен жұмыс барысында тек ел тарихын ғана емес, өз отбасының тарихын білмеу сияқты жағымсыз құбылыстар да кездеседі.
Оның айтуынша, тарихи жадыны сақтау үдерісінің сабақтастығын жастар тарихты білсе ғана қамтамасыз ету мүмкін болады. «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» форумында көріп-білгендерін жастар өзгелерге жеткізгені жөн болар еді.«Бүгін еркін және креативті форматта қажетті контент құру өте өзекті. Мұрағаттық құжаттарды, материалдарды, экспонаттарды зерделегенде жастарға тарихи жадыны сақтау үдерісіне қатыстылық пен интерактивтілікке мүмкіндік беру керек», – деп түсіндірді Тимур Жұмұрбаев.
Ол аталмыш бастаманы естелік эстафетасын келесі ұрпаққа берудегі маңызды қадам деп атады.«Онда біз тарих жібін жалғаған болар едік. Осыған орай, әлеуметтік желілерде
#меніңесімде хэштегі арқылы өз ата-бабаларының тарихымен бөлісуді ұсынамыз. Біздің отбасымыз Қазақстан жеріне қалай келіп, оларды қазақ халқы қандай жылылықпен қабылдағанын айтуымыз керек», – деді «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы төрағасының орынбасары.
«Келісім мен бірлік біздің барлық табысымыз бен жеңісіміздің тамыры екенін есте сақтауымыз керек. Жастардың дұрыс білім алуы маңызды. Біздің ортақ тарихымызды зерделеп, оны қабылдап, тарихи үдерісті бұрмалаудан құтыла аламыз», – деді Тимур Жұмұрбаев.
Нұргүл ШАТЕКОВА
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Жүректен жүрекке» акциясы аясында ҚХА Республикалық және өңірлік штабтарының онлайн отырысы өтті
-
ҚХА кафедрасының Минскіге ресми сапары
-
«Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айтылған бастамаларды іс жүзінде іске асыру» тақырыбындағы дөңгелек үстел
-
«Ассамблея жастары» белсенділері «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлеріне ұлттық ойындарды үйретті
-
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды
-
Қарағандыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы Назипа Ыдырысқызының қатысуымен бірқатар іс-шаралар өтті
25 Сәуір, 16:11
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
24 Сәуір, 17:41
Мемлекет басшысы ҚХА Төрағасының орынбасарларын қабылдады
24 Сәуір, 10:21
Мемлекет басшысының өкімдерімен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары тағайындалды
24 Сәуір, 11:50
БІРЛІК ЖҮГІРІСІ
24 Сәуір, 11:47
ШЫМКЕНТ Қ. ҚХА МҮШЕЛЕРІ 25 ТОННА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРДІ
Ұқсас жаңалықтар
-
«Жүректен жүрекке» акциясы аясында ҚХА Республикалық және өңірлік штабтарының онлайн отырысы өтті
-
ҚХА кафедрасының Минскіге ресми сапары
-
«Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айтылған бастамаларды іс жүзінде іске асыру» тақырыбындағы дөңгелек үстел
-
«Ассамблея жастары» белсенділері «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлеріне ұлттық ойындарды үйретті
-
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды
-
Қарағандыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы Назипа Ыдырысқызының қатысуымен бірқатар іс-шаралар өтті