Қазақстан халқы Ассамблеясы

29 Сәуір, 2021

356

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында өнер академиясының студенттері кеш ұйымдастырды

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында "Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар" кафедрасының доценті Бауыржан Мұратбекұлы "1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні" мемлекеттік мерекесіне арналған "Туған жер - алтын бесігім" атты музыкалық - поэтикалық кеш ұйымдастырды.

Іс-шара барысында студенттер "Туған жер - қоғамдық патриотизмнің негізі", "Этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделі", "Асан Қайғы және оның Мәңгілік ел тұжырымдамасымен байланысы" тақырыптарында баяндама жасады. Іс-шараны қорытындылай келе, "Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар" кафедрасының аға оқытушысы Тауенов Қанатбек Ерғазыұлы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласында "Туған жер" жалпыұлттық патриотизмнің нағыз негіздерінің бірі болатынын көрсетті.

Іс-шараға Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ қызметкерлері қатысты.

Кейін қарай