Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан халқы Ассамблеясына – 20 жыл

2014 жылдың 5 ақпаны күні С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері «Қоғамдық келісім» Республикалық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Телебаев Ғазиз Тұрысбекұлымен кездесу өткізді.

Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан халқы Ассамблеясына – 20 жыл.Кездесуде алғашқы кіріспе сөзді «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ Басқарма төрағасының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.А.Құсайынова ашып, Қазақстан халқы Ассамблеясы институтының орнын, бүгінгі қол жеткізген жетістіктерін атап өтті. Өз баяндамасында Телебаев Ғазиз Тұрысбекұлы этносаралық келісімнің Қазақстандық үлгісі туралы айтты. Әсіресе, ол студенттерге Қазақстан халқы Ассамблеясы халықтың бірлігі мен оларды толеранттылыққа тәрбиелеу арқылы Қазақстан Республикасының ішкі тұтастығын сақтауға қосып отырған үлесін атап өтті. Сонымен қатар, ағымдағы жылы 20 жылдығын атап өткелі отырған Қазақстан Республикасы Конституциясы этносаралық қатынастар мәселесін құқықтық реттеудің тиімді үлгілерін қамтамасыз ететініне назар аударды. Қорытындысында Телебаев Ғазиз Тұрысбекұлы студент жастарды ұлттық бірлікті сақтау мәселесіне белсенді қатысуға шақырды.

Back to the list