Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Тамыз, 2023

433

Қазақстан Республикасының Конституциясы Күнімен!

Құрметті достар!

Еліміз үшін ең маңызды мемлекеттік мерекелердің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Еліміздің негізгі заңы - халық бірлігінің символы.

Қазақстан халқының біртұтас ұлт ретінде дамуының тұғырлы қағидаттары арқасында, еліміздің басты заңы қоғам үшін ұлы мақсаттарға жеткізетін баға жетпес құндылыққа айналды.

Бүгінде әлемдік аренадағы Қазақстанның рөлі күшейіп, жоғары беделге ие болды.

Әрбір азамат Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзі және отбасы үшін де маңыздылығын терең түсінеді.

Осынау айтулы күні әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін.

Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын деймін.

ҚХА Төрағасының орынбасары –

Хатшылық меңгерушісі

Марат Әзілханов

Кейін қарай