15 Наурыз, 2021
1127
Қазақстанның бірнеше қаласында Масленица мерекесі аталып өтті
Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен елорда Достық үйінде Масленица мерекесі атап өтілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстанда тұрып жатқан этностардың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін құрметтеу, олардың мәдениетаралық үлгісін көрсету, қоғамдағы халықаралық келісімді және тұрақтылықты нығайту.
Мерекеге Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сайланған 9 депутат, Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің өкілі мен Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі саясаты басқармасының басшысы қатысты. Шара барысында мерекеге орай пісірілген мың құймақ таратылып, ыстық шай берілді.
Концерттік бағдарлама кезінде «Кукла-Масленица», «Богатырь» бейнебайқаулары мен балалар арасында өткен шығармашылық конкурстың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен алғысхаттар табыс етілді. Концерттік бағдарлама аяқталғаннан кейін Достық үйінің алдына қойылған сабан қуыршағын өртеу рәсімі болды.
Сонымен қатар Тараз қаласының Достық үйінде Масленица мерекесі аталып өтті.
Іс-шараны «Радонеж» орыс қауымдастығы, Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырды. Мерекелік жиынға «Радонеж» орыс қауымдастығының ұжымдары, №2 жалпы орта білім беру мекемесінің мұғалімдер құрамы мен оқушылары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері – «Днипро» украин этномәдени орталығы, «Айнуры» татар-башқұрт этномәдени орталығы, Жамбыл облысының немістер қоғамы, облыстық орыс драма театрының шығармашылық топтары, балалар шығармашылығы орталығының би ұжымдары мен әншілері, сондай-ақ облыстық және қалалық БАҚ өкілдері қатысты. Шара барысында қонақтар «Широкая Масленица» театрландырылған қойылымын тамашалап, дәстүрлі орыс құймақтарынан ауыз тиді. Іс-шара соңында Достық үйі ғимараты маңында сабан қуыршағын салтанатты өртеу рәсімі өткізілді.
Сол сияқты Қызылорда қаласының Достық үйінде «Славяне» қоғамдық мәдени-орталығы» қоғамдық бірлестігі және «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Масленица мерекесі өтті.
«Славяне» қоғамдық мәдени-орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Галина Щербакова мерекенің мән-мағынасын түсіндіріп, оған атсалысқан барша жандарға алғыс айтты. Шарада этномәдени бірлестік жетекшілерінің қатысуымен түрлі ойындар өткізілді. Сондай-ақ, тәттілер мен қолөнер туындылары көрмеге қойылды.
Масленица мерекесінің дәстүрлі тағамы құймақ қатысушыларға тегін таратылды. Шара соңында қуыршақ жағу рәсімі болды.
"Довира" украин этномәдени бірлестігі Атырау облысының белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығында Масленница мерекесін өткізді. Сонымен қатар кішкентай балаларға да керемет шоу ұйымдастырып, тегін құймақ таратты. Этномәдени бірлестік мүшелері кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығын да сыйлықсыз қалдырған жоқ.
Ұқсас жаңалықтар
-
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ораза айт мерекесімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы гуманитарлық көмек қабылдау және еріктілерінің жұмысын үйлестіру орталықтары
-
«Жүректен жүрекке» акциясы аясында ҚХА Республикалық және өңірлік штабтарының онлайн отырысы өтті
-
Ерлан Қарин: Қазақстан халқының Ассамблеясы тарапынан айтарлықтай көмек көрсетіліп отыр
19 Сәуір, 21:38
Қазақстан Республикасының «Дустлик» өзбек этномәдени бірлестіктерінің қауымдастығы Петропавл қаласына гуманитарлық көмек жіберді
вчера, 16:11
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
24 Сәуір, 17:41
Мемлекет басшысы ҚХА Төрағасының орынбасарларын қабылдады
24 Сәуір, 10:21
Мемлекет басшысының өкімдерімен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары тағайындалды
24 Сәуір, 11:50
БІРЛІК ЖҮГІРІСІ
Ұқсас жаңалықтар
-
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ораза айт мерекесімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы гуманитарлық көмек қабылдау және еріктілерінің жұмысын үйлестіру орталықтары
-
«Жүректен жүрекке» акциясы аясында ҚХА Республикалық және өңірлік штабтарының онлайн отырысы өтті
-
Ерлан Қарин: Қазақстан халқының Ассамблеясы тарапынан айтарлықтай көмек көрсетіліп отыр