Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Қыркүйек, 2022

340

«Бүгінгі заман ертегісі» республикалық байқауының қорытынды отырысы

Ағымдағы жылдың қыркүйегінде Астана қаласы Достық үйінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Қоғамдық келісім» РММ және ҚХА Аналар кеңесі жыл басында жарияланған «Бүгінгі заман ертегісі» республикалық байқауының қорытынды отырысы болды.

Байқау іріктеуіне іліккен елу шақты ертегіні сараптауға Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, жазушы, филолог - Өріс Яшүкірқызы, ҚХА республикалық Аналар кеңесі мүшесі, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты Әлпейісова Камал және филолог, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, қоғам белсендісі Бота Баман қатысты.


Байқаудың мақсаты - балалардың қиялын қозғайтын, шығармашылығын шыңдайтын, табандылығын қалыптастыратын, адамгершілік құндылықтар негізін егетін, арман-мақсатқа жетуде жігерлі болуға бейімділігін ұштайтындай құндылығы бар ертегілер жинап, ертегілер жинағы ретінде көпшілікке ұсыну болатын.

Ортақ шешім бойынша талапқа сай ертегілер саны тым аз болуы себепті ешқандай жүлделі орын тағайындалмады. Дегенмен он шақты ертегі жинаққа енуге үміткер туынды ретінде іріктеуден өтті. Шығарма авторлары қатысқаны үшін арнайы сертификаттармен марапатталады. Ал, Жамбыл облысы ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ атынан қатысқан 8 оқушы арнайы алғыс хаттарға ұсынылды.

Кейін қарай