Қазақстан халқы Ассамблеясы

03 Қазан, 2015

1030

Бәйдібек – қасиет дарыған өлке

«Ұлы Дала Елі» экспедициясының оңтүстік өңірдегі 3 күні Бәйдібек ауданынан басталды. Алдымен Домалақ ана және Бәйдібек ата кесенелеріне барып, олардың рухтарына құран бағыштап, қасиетті жердің сырына қаныққан экспедиция мүшелері Шаяндағы «Аппақ Ишан» медресесіне барды.

«Ұлы Дала Елі» экспедициясының оңтүстік өңірдегі 3 күні Бәйдібек ауданынан басталды. Алдымен Домалақ ана және Бәйдібек ата кесенелеріне барып, олардың рухтарына құран бағыштап, қасиетті жердің сырына қаныққан экспедиция мүшелері Шаяндағы «Аппақ Ишан» медресесіне барды.

«Аппақ Ишан» медресесінде 1927 жылға дейін балаларға мұсылмандық сауат жүргізілген. Діни білім алуға ынтыққан шәкірттер сонау Кереку, Атбасар, Торғай, Қарқаралы, Талас өңірлерінен келіп оқыған екен. Сол кездердегі солақай саясаттың салдарынан Аппақ Ишанның өзін Павлодарға апарып, түрмеге жапқан. Кейіннен иесіз қалған мешітке ұлт жанашыры Өзбекәлі Жәнібеков араша түсіп, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Қазір мұражайда 3,5 астам жәдігер бар. Жәдігерлердің басым көпшілігі қазақ халқының өткен ғасырларда жасалынған ұлттық қолөнер бұйымдары. Археологиялық қазбалардан табылған VIII-XIII ғасырларда жасалынған құмыралар, қыш ыдыстар, шығырлар, қыштан жасалынған бұйымдарының сынықтары өткен тарихтан сыр шертіп тұрғандай.

Экспедиция барысында аудандық мәдениет үйінде жергілікті тұрғындармен кездесу өтті. Аталмыш жобаға үлкен қызығушылық танытқан аудан әкімінің орынбасары Әйкен Темір Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан көтеріліп отырған бұл бастаманың өте орынды екендігі айтылды. Ал Бәйдібек ауылының құрметті азаматы, қария Бақберген Төлешов кездесуде Бәйдібектің кешегісі мен бүгінгісінен толғақты ой өрбітті. Экспедициялық топтың жетекшісі Ербол Байқонақов «Теңдессіз сый» акциясы аясында жергілікті кітапханаға кітаптар тарту етті.

Кездесу соңында аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері қонақтар назарына Керей мен Жәнібектің қазақ хандығын құрудағы алғашқы талпынысын бейнелеген сахналық қойылым ұсынып, мерекелік концерт ұйымдастырды.

Кейін қарай