09 Наурыз, 2017
3163
Балалар бақытты болуы үшін жаралған
Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы журналистер мен блогерлер клубы «Жетімін жылатпаған елміз» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған іс-шараға елдің бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайту бағытында қалам тербеп жүрген нәзік жанды журналистер қатысты. Мерекелік іс-шараға арнайы келген Арыс қаласындағы Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар үйінің тәрбиеленушілері журналист қыз-келіншектерді мерекелерімен құттықтап, өздері қолымен жасаған сыйлықтарын тапсырды. Журналистер де балаларға жылы лебіздерін білдіріп, арнайы дайындаған сый-сияпаттарын тарту етті.
Жиында сөз алған облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов бүгінгі іс-шараның мақсаты - қамкөңіл балаларға мерекелік көңіл-күй әрі ана мейірімін сыйлау екенін атап айтты.
– Қайырымдылық – бұл тек материалдық көмек емес, бұл – махаббат, қамқорлық. Біз мүмкіндігінше балалар үйлеріне, мектеп-интернаттарға жиі барып, қайырымдылық шараларын ұйымдастырып тұрамыз. Олар үшін түрлі жарыстар, байқаулар ұйымдастырамыз, - деді ол өз сөзінде.
Балалар үйінің тәрбиеленушілері де аналарға арнайы дайындап келген концерттік бағдарламасын ұсынды. Балалар мен аналар бірлесе Марат Омаровтың «Анашым» әнін тебірене шырқады.
Журналистердің атынан сөз алған ҚР Журналистер одағы облыстық филиалының төрайымы Айгүл Қапбарова балалармен кездесу үлкен әсер сыйлағанынын, олар тарту еткен сыйлық - ең құнды сыйлық болғанын айтты.
Мерекелік іс-шарадан кейін облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлері балаларды «Shymkent Plaza» сауда-ойын-сауық орталығына алып келіп, көңілді күн сыйлады.
Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы аталмыш балалар үйіндегі "Бәйтерек" тобын өткен жылы өз қамқорлығына алған. Содан бері қайырымдылық шараларын тұрақты ұйымдастырып, балаларға мерекелік кештер мен салт-дәстүрімізден сыр шертетін түрлі сахналық қойылымдар көрсетіп келеді.
Ұқсас жаңалықтар
-
П.Кесоглу: «Президент марапаты – менің өнердегі қызметім үшін берілген баға»
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтауы
-
«Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айтылған бастамаларды іс жүзінде іске асыру» тақырыбындағы дөңгелек үстел
-
Алматыда Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби кездесу өтті
-
«Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері үшін мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тапсыру тәртібін түсіндіру бойынша онлайн - семинар өтті
28 Тамыз, 18:45
Ақмолада өткен ҚХА «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы
27 Тамыз, 20:02
Алматы қ. ҚХА «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізді
27 Тамыз, 18:05
Қазақстан халқы Ассамблеясының “Мектепке жол” акциясы Жамбыл облысында
29 Тамыз, 17:33
ҚХА «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы
28 Тамыз, 18:48
Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Қостанайда өткен қос шара