13 Шілде, 2017
704
Бокстан халықаралық турнир басталды
2017 жылдың 12 шілдесінде «Туран» университетінің спорт кешенінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтің жүлдесі үшін бокстан ХХ Халықаралық жарыстың ресми ашылуы өтті.
Астана күніне арналған халықаралық жарыс Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен өтіп жатыр. Ұйымдастырушы - «Ахыска» Түрік ұлттық орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігі.
Іс-шараның ашылу салтанатына жарыстың басты демеушісі, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Ш.А. Асиев, Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің орынбасары М.Е.Балбаева, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары – Р.К.Кушалиев, «Бокстан олимпиада чемпиондарын дайындау орталығы» РМКМ директоры Е.С.Ибраимов, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтің жүлделері үшін бокстан халықаралық жарыстар өткізудің алғашқы негізін салушысы С.А.Усейнов, жастар, спорт мекемелерінің, БАҚ өкілдері және т.б. қатысты.
Жарысқа Қазақстан, Түркия, Ресей, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия мемлекеттерінен келген, 2002-2003 жылы туған жасөспірімдер қатысты.
Жарысты «Бокстан олимпиада чемпиондарын дайындау орталығы» РМКМ директоры, Сидней олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибрагимов құттықтау сөз сөйлеп ашты. Ал Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Балабаева Маржан Ертайқызы турнирге қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.
Жарыстың басты демеушісі – ахыска түріктерінің бүкіләлемдік қауымдастығының төрағасы, түрік-этномәдени орталығының төрағасы З.И. Касанов.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
«Азаматтық қоғам өкілдерімен жұмыс кезінде басқарушылық, коммуникациялық дағдылар мен құзыреттер» практикаға бағытталған курс басталды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік пен дамудың үш онжылдығы» халықаралық дөңгелек үстел өтті
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
сегодня, 09:06
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады