
21 Сәуір, 2017
768
Болашаққа қадамды бірге жасаймыз
Достық үйінде Жамбыл облысы ҚХА жанындағы ғылыми-сараптамалық топ, қоғамдық келісім кеңесі, аналар, ақсақалдар және медиаторлар кеңестерінің «Вместе сделаем шаг навстречу будущему» тақырыбында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын талқылаудың біріккен отырысы өтті. Аталмыш басқосудың модераторы ҚХА кафедрасының меңгерушісі, М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің доценті, Жамбыл облысы ҚХА жанындағы ғылыми-сараптамалық тобы төрағасының орынбасары, философия ғылымдарының кандидаты – Парида Мамедова жүргізді.
Өздерінің баяндамаларымен аналар кеңесінің төрайымы Мухаббат Миражапова – «Миссия совета матерей - сохранение духовно - нравственных ценностей семьи» («Аналар кеңесінің мәндеті – отбасыдағы рухани-адамгершілікті сақтау»), ақсақалдар кеңесінің төрағасы Рахмиджан Джанабаев – «Неразрывная связь времен» («Уақыт қатынасы»), медиаторлар кеңесінің төрайымы Лариса Сафонова - «Примерение - основа обновления» («Татуласу – жаңару негізі») және қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Абдрахман Зайнуддинов – «Конкурентноспособность человека - основа будущего Казахстана» («Адамның бәсекелестігі – Қазақстанның болашаққа деген негізі») сөз сөйледі.
Сонымен қатар талқылау барысында аналар кеңесінің бастамасымен «Тұмар» қозғалысы өз жұмысын бастады. Аталмыш қозғалыстың мақсаты болашақ аналар мен әкелерді тәрбиелеу. Медиатор кеңесінің бастамасымен үлкен көлемдегі медиаторлық ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болды. Ғылыми-сараптамалық топ облысымыздағы барлық ауданда өтетін «Ұлы дала тарихы» атты тарихи-мәдени экспедицияны ұйымдастырады. Ал қоғамдық келісім кеңесі өңірлік мұқтаж жандарға көмек көрсету мақсатында «Караван доброты и милосердия» атты қайырымдылық іс-шарасын жүргізеді.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Бейбітшілік пен келісім үшін бірге жеңіске жеттік» тақырыбында халықаралық стратегиялық сессия өтті
-
Елорда күніне орай Астанада «Біргеміз» атты ән-би фестивалі өтті
-
Семейде 1000-нан астам адам Әнұранды бірге шырқады
-
Сарапшылар этносаралық араздық тілін еңсеру бойынша #Бірге ақпараттық науқанның таныстырылымын өткізді
-
Абай, біз біргеміз!
-
Ұлыстың ұлы күнін бірге атап өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
«Бейбітшілік пен келісім үшін бірге жеңіске жеттік» тақырыбында халықаралық стратегиялық сессия өтті
-
Елорда күніне орай Астанада «Біргеміз» атты ән-би фестивалі өтті
-
Семейде 1000-нан астам адам Әнұранды бірге шырқады
-
Сарапшылар этносаралық араздық тілін еңсеру бойынша #Бірге ақпараттық науқанның таныстырылымын өткізді
-
Абай, біз біргеміз!
-
Ұлыстың ұлы күнін бірге атап өтті