
04 Ақпан, 2016
1524
Болашаққа бірге барамыз
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Маңғыстау энергетикалық колледжінің студенттері «Болашаққа бірге барамыз!» атты флэшмоб акциясын өткізді. Іс-шара ұйымдастырушылары: Маңғыстау энергетикалық колледжі, Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Флешмобқа Маңғыстау энергетикалық колледжінің 200 студенті, Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы мен Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері қатысты.
Іс-шараның мақсаты: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын атап өту, жастарға патриоттық тәрбие беру, олардың еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Бағдарлама барысында энергетикалық колледжінің 50 студенті Қазақстан халқы Ассамблеясының эмблемасы бейнеленген ақ футболка киіп, түрлі әуенге би биледі.
Біздің мақсат жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу, дейді флешмоб қатысушысы «Қазақстан кәрістер» Ассоциациясының Ақтау қалалық филиалының төрайымы Райса Маденова-Хван.
- «2016 жыл – еліміз үшін ерекше жыл. Тәуелсіздік мерейтойының құрметіне мұнайлы аймағымыздың әр түкпірінде тұратын белсенді жастарымыз өз үлестерін қосуда. Менің ойымша жастар арасында мұндай іс-шараларды жиі өткізіп тұруымыз қажет. Себебі, жастар біздің болашағымыз, олар тәуелсіз еліміздің іргесін ұстар азаматтар. Бүгінгі флешмобқа қатысып отырған жастардың санының көптігі мені қуантады. Себебі, олар осы арқылы өздерінің жауапкершілігі мен тиянақтылығын көрсетіп отыр», - деді Р.Маденова-Хван.
Іс-шара аясында аталмыш оқу орнының бір топ өнерлі жастары жиналған жұртшылыққа ән мен биден шашу шашты.
Флешмоб соңы Маңғыстау энергетикалық колледжіндегі конференцияға ұласты. Конференция қатысушылары мерзімінен бұрын өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауын талқылады.
МО ӘА «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
«Бейбітшілік пен келісім үшін бірге жеңіске жеттік» тақырыбында халықаралық стратегиялық сессия өтті
-
Елорда күніне орай Астанада «Біргеміз» атты ән-би фестивалі өтті
-
Семейде 1000-нан астам адам Әнұранды бірге шырқады
-
Халықтар достығы мәңгілік!
-
Таразда хакатонға қатысушылар әлеуметтік жобаларын ұсынды
-
Таразда жас отбасыларға арналған семинар-тренинг өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
вчера, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
Ұқсас жаңалықтар
-
«Бейбітшілік пен келісім үшін бірге жеңіске жеттік» тақырыбында халықаралық стратегиялық сессия өтті
-
Елорда күніне орай Астанада «Біргеміз» атты ән-би фестивалі өтті
-
Семейде 1000-нан астам адам Әнұранды бірге шырқады
-
Халықтар достығы мәңгілік!
-
Таразда хакатонға қатысушылар әлеуметтік жобаларын ұсынды
-
Таразда жас отбасыларға арналған семинар-тренинг өтті