Қазақстан халқы Ассамблеясы

19 Шілде, 2022

550

Достық үйінде жазғы лагерь өтті

А.ж 13-15 шілде аралығында Достық үйінде корей мәдениетінің жазғы лагері өтті. «Aktobe Korean Language Center» ұйымдастырған 3 күндік лагерьге 13-81 жас аралығындағы жастар мен ересектер де қызығушылық білдірді. Лагерь Қазақстанның 4 қаласында: Атырау, Ақтау, Орал, Қостанай қалаларында ұйымдастырылып, Сеулмен онлайн байланыс орнатты.

Лагерь басталған алғашқы күні ice-breaking болды және «Корея бойынша саяхат жоспарын жасау» тапсырмасы берілді. Қатысушылар топқа бөлініп, асқан қызығушылықпен, белсенді қатысты. Оңтүстік Кореяның саяхат жасап барғысы келетін, әдемі жерлерінің суретін салып, ойларымен бөлісті.

Екінші күні Кореядағы орталықты Қазақстанның 4 қаласымен видео-байланыс арқылы таныстырып, онлайн тур өткізді. Содан соң, қатысушылармен «Кальмар» ойынын ойнады.

Жазғы лагердің соңғы күні қала тұрғындарын Корея мәдениеті және тағамдарымен таныстыру мақсатында орталық еріктілері қатысушылармен бірігіп кәріс тағамдарын дайындап, ертегілерінен көрініс қойды және Кореядан әкелінген заттар жәрмеңкесі өтті.


Қызықты да танымдық бағыттағы бұл лагерь жастардың да үлкендердің де көңілінен шықты. Тұрғындар дән риза!



Кейін қарай