Қазақстан халқы Ассамблеясы

20 Ақпан, 2020

5870

Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан Сыр өңірінің кәрістері туралы тың еңбек

Қызылордалық оқушы Айзат Ербол Алматы облысында өткен республикалық ғылыми жобалар байқауынан бірінші орынды жеңіп алғаны туралы осыған дейін хабарлаған болатынбыз. Ол бала кезінен қызыққан тақырыбын зерттеген. Осылайша Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан Сыр өңірі кәрістері туралы еңбегі ең үздік деп танылды. Осы ретте жас ізденушімен сұхбаттасудың сәті түскен болатын.

- Айзат бұл тақырыпты таңдауға не түрткі болды?

- Менің бұл жобаны таңдау себебім үйімнің жанында Ге Бон У көшесі бар. Сол көшенің атауы мені қатты қызықтыратын ылғи да. Пән жетекшім – №212 мектеп-гимназиясындағы тарих пәнінің мұғалімі Зейнеш Атееваның көмегімен ол кісінің Корей халық Батыры екенін, қазір Ге Хак Рим деген тікелей ұрпағы барын білдім. Сонымен бірге әжемнің үйіне барар жолда Скаткова көшесінде бір ескі ағаш үйде кәріс ата тұрады деп айтатын. Кішкентай кезімнен сол жолмен өтіп жүріп, осы жайттардың басын қосып, зерттегім келді.


- Жобанның жаңалығымен бөліссең.

- Мен үшін жобамның жаңалығы сол, біріншіден, Қызылорда педагогикалық колледжінде оқыған барлаушы Де Ман Гын 1941 жылға дейін қаламыздағы М.Горький атындағы мектепте жұмыс істейді. Екіншіден, «Достық» үйіндегі «Қазақстан кәрістер қауымдастығы» Қызылорда облыстық филиалы арқылы жапондық милитаризмге қарсы барлаушы, тыңшы болған Кан Бон Еннің жеке мәліметтерін алдым. Ол кісінің ұрпақтары болмаған соң, құжаттары филиалдың архивінде сақталып тұр екен. Зерттеуде анықтағанымдай, Кан Бон Ен Жапониядан мәлімет алу үшін Солтүстік Корея арқылы Жапония шекарасына өткен. Бір апта бойы қайық астында жатып, тыңшыларды аңдыған.

- Сен зерттеген кәріс этносының барлаушыларының арғы тағдыры қалай өрбіді?

MW6A0292.JPG

- Зерттеу еңбегімде анықталғандай, екі барлаушының артында ұрпақ қалған жоқ. Олар тікелей тыңшылық жұмыстары аяқталғаннан соң әскери құпияларды қатаң сақтауға келіссөз жүргізеді. Соғыс аяқталған жылдары, олардың өмір жолы бірқалыпты өтеді. Яғни 1945 жылдардан кейін бірі Гигант, бірі Авангард колхозында қарапайым мұғалім болып жұмыс жасайды.

- Алдағы жоспарың қандай? Тағы қандай тың тақырыптарды зерттемексің?

- Алда жоспарым көп. Мектепті үздік бітіріп, киелі Қорқыт бабамыздың атындағы оқу орнына, «Тарих» немесе «Филология» факультетіне оқуға түскім келеді. Ғылыми жобамды жалғастырып, алдағы уақытта Милитаристік Жапонияға қарсы соғысқан Сыр өңірінің кәрістері туралы зерттеу жұмыстарын жүргізуді мақсат етіп отырмын.

- Мақсатына жетуіне тілектеспіз!

IMG-20200214-WA0043.jpg

Әңгімелескен:

облыстық ҚаХА

баспасөз хатшысы

Әсел Абзалқызы

Кейін қарай