Қазақстан халқы Ассамблеясы

15 Наурыз, 2021

1373

Елімізде Көрісу күні тойланды

Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен Көрісу күні тойланды.

14 наурызда еліміз Наурыз мейрамының басы Көрісу мерекесін атап өтеді. Бұл күнді Амал мерекесі деп те айтады. Халық қыстан аман-есен шыққанына, көктемге аяқ басып, туыс-туған, көрші-көлеңмен жүздескеніне қуанып, қол алысып, төс қағысады. Бір-біріне деген араздық, өкпе-ренішті ұмытып, амандық тілейді.

Елордадағы Достық үйінде Фанида Мұқатайқызының жетекшілігімен Көрісу күні тойланып, оған барлық этномәдени бірлестік өкілдері қатысты. Мерекелік кеште Нұр-Сұлтан қаласының «Есіл толқындары» ардагерлер ансамблі өз өнерін көрсетті.


Атырау облысы Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелері де «Елсана» руханият клубында Амал мерекесін ерекше атап өтті.

Мерекелік кездесуде Дина Нұрпейісова атындағы музыкалық академияның өнерпаздары жиналған қауымға ән мен күйден шашу шашты. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, әнші Олег Атаносов «Еркем-ай» әнін көпшілікке тарту етті.

Кейін қарай