Қазақстан халқы Ассамблеясы

25 Ақпан, 2022

275

Елордада Мәжіліс депутаты жүз түрлі өнім шығаратын кәсіпорын жұмысымен танысты

Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Юрий Ли Нұр-Сұлтан қаласындағы «JFOOD KAZAKHSTAN» ЖШС кәсіпорнымен танысып, жұмысшыларымен кездеседі.

Астықтан өнімдер шығаратын кәсіпорынның мақсаты мемлекеттік және халықаралық талаптарға жауап беретін жоғары сапалы өнім шығарып қана қоймай, қазақстандық нарықта көшбасшылық позицияны сақтап, тұтынушылардың сұранысын қанағаттандырып, бәсекеге қабілетті өнім өндіру үлесін арттырып келеді. Сондай-ақ, ассортиментті оңтайландырып, өндірістің перспективалық дамуын жүзеге асыруда.


Астықты қайта өңдеудің жыл сайынғы көлемі жылына 105 мың тоннадан асады. Өндірілетін сұрыпталымында ұн, жарма, макарон өнімдері, жарма және құрама жем кіретін 100 бірліктен астам өнім бар. Бүгінде Ресей, Қырғызстан, Ауғанстан, Қытай, Моңғолия, Түркменстан және Өзбекстан елдерімен әріптестік байланыста. Болашақта БАӘ, Әзірбайжанмен серіктестік қатынастарды дамыту жоспарлануда. Тауар айналымының көлемі бойынша Қазақстанның жүз ірі компаниясына кіретін астық өңдеу саласындағы жетекші кәсіпорын, көптеген импорттаушы елдерде «Цесна» ұнның жоғары сапасының стандартына сай екенін айтқан «JFOOD KAZAKHSTAN» ЖШС кәсіпорнының бас директоры Бейбіт Сейтаев аталмыш компанияның бүгінгі жай күйін баяндады.

Өз кезегінде Мәжіліс депутаты Юрий Ли ақпараттық саясатты, интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Жол картасын, қаржы пирамидаларын іске асырудың жобалары мен перспективалары және «Стоп-коллектор» жобасы бойынша алдағы жоспарлар туралы айтып берді.

Кәсіпорын қызметкерлері қойған сұрақтарды мұқият тыңдаған Юрий Виссарионович проблемалардың қалай шешілетінін түсіндіріп, алдағы уақытта ұсыныстарды жинақтап, оларды шешу жолдарын қарастыратынын жеткізді.

Кейін қарай