Қазақстан халқы Ассамблеясы

28 Маусым, 2021

265

Елордада Сабантуй мерекесі тойланды

Нұр-Сұлтан қаласындағы жаяу жүргіншілерге арналған «Demalys Promenade» көшесінде «Сабантуй-2021» дәстүрлі ұлттық мерекесі өткізілді.

Іс-шараны Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының, Ресей Федерациясы Елшілігінің, Қазақстан Республикасындағы Татарстан Республикасының өкілетті өкілдігінің, «Кама-Қазақстан» Сауда Үйі» ЖШС мен «КАМАЗ» Сауда Компаниясы» ЖШС қолдауымен, Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА «Таң» татар-башқұрт мәдени бірлестігі» ҚБ ұйымдастырды.

Мерекелік шараға Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, республикалық «Nur Otan» партиясының, Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің мүшелері шақырылды.

Жалпы «Сабантуй-2021» ұлттық мерекесі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізілді. Бұл мереке ежелден көптеген түркі халықтарының маңызды оқиғалар күнтізбесіне енгізілген.

Шара барысында алдымен татар халқының қолданбалы өнерінің көрмесі ұйымдастырылып, олардың тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін үй жобасы келушілерге таныстырылды. Одан әрі «Сабан туе – хезмәт туе» атауымен концерттік бағдарлама өткізіліп, ұлттық ойындарға кезек берілді. Сонымен қатар, сахнада бейнеленген татар халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы тамаша көрініске келушілер ризашылықтарын білдірді.

Мерекелік концерттік бағдарлама бойынша «Дуслык» халық ансамблі, «Ялкын» ансамблі мен «Дулкын» ансамблі өнер көрсетті.


Кейін қарай