Қазақстан халқы Ассамблеясы

04 Қазан, 2023

167

Қостанай облыстық Достық үйінде дәстүрлі «Чхусок» күз мерекесі атап өтілді

Бұл іс-шара қарттарын қадірлеп, оларға әрдайым қамқор бола білген дана халқымыздың 1 қазан – Халықаралық қарттар күнін атап өтуі аясында ұйымдастырылып, 70-тен астам ата-әжелердің басын біріктерді. Қоғам белсенділері оларға арнап мерекелік концерт пен тәттіге толы ақ дастархан басында шай ішу рәсімін ұйымдастырды.

Мерекелік іс-шара соңында қария қонақтар сүйікті әндерін шырқап, би билеп, корей этномәдени орталығы ұсынған түрлі сыйлықтарға ие болды. Көңілдерін бір көтеріп тастаған шара ұйымдастырушыларына шынайы ризашылықтарын білдірген қарттардың көңілдері босап, алғыстарын жаудырып жатты. Ал денсаулық жағдайына байланысты бұл мерекелік іс-шараға қатыса алмай қалған қарияларға олардың сыйлықтары жеке-жеке мекенжайлары бойынша жеткізілді.




Кейін қарай