Қазақстан халқы Ассамблеясы

01 Мамыр, 2023

378

Елордада Триатлон парк аумағында Қазақстан Халқының Бірлігі күніне орай мерекелік жүгіріс өтті

Бүгін елордада Триатлон парк аумағында Қазақстан Халқының Бірлігі күніне орай мерекелік жүгіріс өтті.

Ұйымдастырушылар — Қазақстан халқы Ассамблеясы, Астана қаласының әкімдігі және Қазақстан триатлон федерациясы.


Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, Гиннес рекордтар кітабының рекордсмені Сергей Цырульников, Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, сондай-ақ этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.


Жарысқа қатысушылар 2,5 және 5 км қашықтыққа, ал ең жас спортшылар 500 метрге жүгірді. Мәре сызығына жеткен марафоншылардың барлығы естелік медальдармен марапатталды.

Республикалық жарыс аясында саябақ аумағында көшеттер отырғызылды. Бірлік күні мерекесі — халқымыздың ауызбіршілігі мен бірлігінің күшін айқындайды.




Кейін қарай