Қазақстан халқы Ассамблеясы

27 Тамыз, 2021

343

Елордалық ЭМБ өкілдері «Мектепке жол» акциясына белсене атсалысып жатыр

Жылдағы дәстүр бойынша Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен елорда этномәдени бірлестіктері «Мектепке жол» акциясына белсене атсалысып жатыр. Биылғы жылдың тамыз айында басталған бұл акция 1 қыркүйеккке дейін жалғасады.

Іс-шара мақсаты – көпбалалы отбасылар мен жалпы әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасылардағы балаларды мектеп құрал-жабдықтарымен қамтамасыз ету, жасөспірімдерді отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу, адамгершілік гуманизмін дәріптеу арқылы көпшілікті қайырымды істер жасауға үндеу.

Акция аясында көпбалалы отбасылар мен жалпы әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасылардағы жасөспірімдерге мектеп құрал-жабдықтары үйлеріне дейін жеткізілді. Осы арқылы мұқтаж жандарға Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы материалдық тұрғыдан көмек көрсетіп, ізгілікті істердің жаршысы болып отыр.

Бұған дейін арнайы тізім бойынша әлеуметтік көмекті қажет ететін 15 отбасылардағы 45 жасөспірімдерге мектеп құрал-жабдықтары табысталған еді.

Аталған іс-шара еліміздің Мемлекеттік бас санитар дәрігерінің Қаулысына байланысты қатаң карантиндік талаптарды сақтай отырып, өткізіліп отыр.

Кейін қарай