Қазақстан халқы Ассамблеясы

12 Тамыз, 2022

221

Этномәдени бірлестіктерінің өкілдерін мемлекеттік қызметке тарту туралы

Ағымдағы жылдың тамызында өңірдегі Достық үйінде Жамбыл облысының этномәдени бірлестіктерінің өкілдерін мемлекеттік қызметке тарту туралы кездесу өтті.

Өңірдің этномәдени бірлестіктерінің басшылары және өкілдерімен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Сұлтанхан Шәкір Асылханұлы, осы ұйымның бас маманы Смағұлова Гүлназ Шыңғысқызы кездесті.


Қатысушыларға мемлекеттік қызметке орналасудың перспективалары мен талаптары таныстырылды. Гүлназ Смағұлова тестілеуден өтуге қалай дайындалу керектігі жөнінде кеңес берді. Кездесу барысында байқаушылар мен сарапшылардың конкурстық комиссияға қатысуы барысы жайында да айтылды.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз орталығы

Кейін қарай