Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Қараша, 2020

521

«Этносаралық қатынас білім, мәдениет, тіл саясаты саласындағы көптеген жұмысты жүргізуге тікелей байланысты»

Нұр-Сұлтан қ. Достық үйінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «ҚР Тұңғыш Президенті – Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың бірлік пен келісімді нығайту жөніндегі саясаты» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.


Онлайн іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ж.Қ.Түймебаев, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Т.Б.Қалиев, Қазақстан халқы Ассамблеяның Ғылыми-сарапшылық кеңесінің төрайымы А.К.Сәдуақасова, қазақстандық сарапшылар мен ғалымдар, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің және ҚХА мүшелері, мемлекеттік органдар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында өткізіліп отырған Ғылыми-сарапшылық кеңестің кеңейтілген отырысында сөз алған Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев:

«Мемлекеттік тіл біріктіруші факторға айналуы тиіс. Ол еліміздің бірлігін бекемдей түседі. Бізге білім саласында да, азаматтық ортада да мемлекеттік тілді үйрететін ғылыми тұрғыда негізделген әдістемесі керек. Елбасы бұл тұрғыда кеңесте нақты тапсырма берді. ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесі бұл жұмысқа өз үлесін қосуы тиіс. Келер жыл «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы». Осы күнге жету үшін барша қазақстандықтар жік-жікке, ұлт-ұлтқа бөлінбей бірлесе аянбай еңбек етті. «Дамудың сыры – бірлікте, Табыстың сыры – тірлікте» екенін көкейге берік түйген ел озады. Осы жолда ғылыми-сарапшылық кеңестің қосары зор екендігіне сенімдімін, - деді.


Сондай-ақ отырыс барысында қатысушылар: «ҚХА қалыптасуындағы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың рөлі», «Қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру», «Мемлекеттік және тіл саясатын дамытудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі» және т.б. тақырыптарды талқыға салды.

Іс-шара соңында «Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік пен келісімнің 25 жылы» кітабының тұсаукесері өтті.


Кейін қарай