Қазақстан халқы Ассамблеясы

19 Қараша, 2021

287

Көкшетауда өткен дөңгелек үстелде отбасы тақырыбы көтерілді

Көкшетау қаласының «Қоғамдық келісім» КММ-де «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» Ақмола филиалының ұйымдастыруымен «Отбасы - тұлғаның рухани-адамгершілік тәрбиесінің негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына қалалық Аналар кеңесінің төрайымы Н.И. Сейдалина, Ішкі саясат басқармасының және облыстық Достық үйінің өкілдері, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенттері қатысты.

Сейдалина Найля тәжірибелі модератор және психолог ретінде диалог форматында, өмірлік жағдайларды мысалға ала отырып жас тыңдаушылардың тақырыпқа деген қызығушылығын оятты. Дөңгелек үстелге қатысушылар отбасының қазіргі қоғамдағы рөлі, отбасылық қатынастардың негіздері, жас отбасын нығайтуға ықпал ететін факторлар туралы айтты. Бұл тақырып іс-шара аяқталғаннан кейін де Аналар кеңесінің өкілімен әңгімелерін жалғастырған жас қыздарға қатты әсер етті.


Кейін қарай