
23 Желтоқсан, 2021
67
Көкшетауда өткен отырыста медиацияның қоғамдағы рөлі туралы сөз болды
Көкшетауда «Қоғамдық келісім» КММ-де Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы медиация кеңесінің отырысы өтті. Оған кәсіби және қоғамдық медиаторлар қатысты.
Өзінің құттықтау сөзінде «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Е. Б. Нұғманов медиацияның жанжалдарды шешудің тиімді және қарқынды дамып келе жатқан құралы ретіндегі рөлін атап өтті, оның басты міндеті жанжалға қатысушы тараптар арасындағы дауларды сотқа дейін реттеу болып табылады.
Достық үйінің талдау және мониторинг бөлімінің бас сарапшысы А. Б. Сванкулова өз баяндамасында «Қоғамдық келісім» КММ, оның жеке немесе заңды тұлғалардың қатысуымен туындайтын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де дауларды шешу бойынша медиация кабинетінің жұмысы туралы айтып берді. Мекеме жыл бойы қоғамдық медиаторлардың білімі мен дағдыларының деңгейін арттыру үшін судьялардың, кәсіби медиаторлардың қатысуымен 5 семинар-тренингтер, дөңгелек үстелдер, диалогтық алаңдар өткізді. Медиация институтын халық арасында дәріптеу мақсатында «Қоғамдық келісім» КММ әлеуметтік желілерінде сарапшыларды, судьяларды, психологтарды, ҚХА жанындағы билер кеңесі мен Аналар кеңесінің өкілдерін тарта отырып, медиацияны түсіндіру бойынша тікелей эфирлер тұрақты түрде өткізіліп тұрады.
Кеңес отырысында сөз сөйлеген ҚХА жанындағы медиация кеңесінің төрағасы Ж.Д. Нұржанова «Медиация туралы» ҚР Заңына енгізілген түзетулерге түсініктеме берді. Енді заң кәсіби және қоғамдық медиаторлар қызметінің, олардың құқықтары мен міндеттерінің аражігін нақты ажыратып, онлайн-медиацияны дамытуды көздейді.
Іс-шара соңында «Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының үздік медиаторы» байқауының жеңімпаздары «Қоғамдық келісім» КММ дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Журналистер клубындағы баспасөз-таңғы ас
-
Қызылордада өткен отырыста медиацияны халық арасында ілгерілету тақырыбы көтерілді
-
Петропавлда өткен кездесуде жастарға ҚХА қызметінің басым бағыттары туралы айтылды
-
Көкшетауда ҚХА мүшелері студенттермен кездесті
-
Түркістанда этносаралық бірлікті дәріптейтін «Шаңырақ» кітабының тұсаукесері болды
-
Көкшетауда ЭМБ шығармашылық ұжымы пансионатта концерт өткізді
4 Мамыр, 12:30
Татулығымыз бір шаңырақ астында
4 Мамыр, 12:26
Бірлік – береке бастауы
6 Мамыр, 18:35
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды!
7 Мамыр, 09:24
Сіздерді егемен еліміздің елеулі мерекесі - Отан қорғаушы күнімен құттықтаймыз!
9 Мамыр, 10:02
Сіздерді 9-мамыр – Жеңіс Күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ұқсас жаңалықтар
-
Журналистер клубындағы баспасөз-таңғы ас
-
Қызылордада өткен отырыста медиацияны халық арасында ілгерілету тақырыбы көтерілді
-
Петропавлда өткен кездесуде жастарға ҚХА қызметінің басым бағыттары туралы айтылды
-
Көкшетауда ҚХА мүшелері студенттермен кездесті
-
Түркістанда этносаралық бірлікті дәріптейтін «Шаңырақ» кітабының тұсаукесері болды
-
Көкшетауда ЭМБ шығармашылық ұжымы пансионатта концерт өткізді