
21 Маусым, 2016
1075
Көкшетаулық татарлар Сабантойды тойлады
Көкшетаулық татарлар өткен демалыста Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орайластырылған Сабантой мерекесін атап өтті.
Дәстүрге арналған Сабантой биылғы жылы да облыс жұртшылығын әсем табиғат аясына - Көкшетау қаласының жанындағы Бұқпа тауының етегінде жинады. Облыстың түкпір-түкпірінен жиналған жұртшылық отбасымен, туған-туыстарымен мерекеге жиналып, бір-бірімен қауышып, емен-жарқын көңіл көтерді. Бұл күні Көкшетауға Қазан және Петропавл қалаларынан құрметті қонақтар да келді.
Тау бөктерінде тігілген киіз үйде татар халқының ұлттық тағамдары қойылған ақ дастархан жайылып, қонақтарды қарсы алды. Чак-чак, эчпочмак, бәліш, тоқаштардың түр түрінен дәм татуға мүмкіндік болды.
Бұл күні жастармен қатар сахнада кәсіби және көркемөнерпаздар ұжымдары бар өнерлерін ортаға салып, жиналған қауымға әсем ән мен биден шашу шашты. Көп жылдан бері сахна төрінде ән салып, халықтың ыстық ықыласына бөленіп келе жатқан «Ғалиябану» фольклорлық ансамблі (Жетекшісі «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері Марат Бектасов), Қазан қаласынан арнайы келген әншілер Марсель Вагизов пен Суимбель Билялова, петропавлдық Эльдар Сисанбаев тойдың сәнін аша түсті.
Көкшетаулық бауырларын Татарстан мемлекетінің Президенті Рустам Минниханов та құттықтап, арнайы құттықтау хат жолдаған екен. Көкшетау татар мәдениеті орталығының белсенділері Р. Гайнуллин, А.Урманова, Р. Курмаев және Л.Аитоваға қазақ жерінде татар мәдениеті мен тілін, салт-дәстүрін насихаттап, дамытуға қосқан үлестері үшін зор ризашылық білдірілген екен. Олар Татарстан Президенті атынан алғыс хаттармен марапатталды.
Сонымен қатар татар қыздары жиналған қауымға шашу шашып, чак-чак тағамынан тәм татқызды.
Құттықтау сөз кезегін алған Көкшетау татар мәдениеті орталығының төрағасы Рафаил Сұлқарнаев биылғы жылы өткізген орталықтың жұмыстарына бір тоқталып өтті. Мұса Жәлел, Ғабдолла Тоқайдың мерейтойлары мен жерлесіміз Ибрахим Салаховқа арнап өткізген іс шаралармен таныстырды. Одан соң құттықтау сөз алған Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марал Жақыпова: «Сабантой ертеден тойланып келе жатқан мереке. Бұл жұмысшылардың, диқандардың мейрамы. Мен, бала кезімде ата-анаммен бірге Сабантойға баратыным есімде. Ауылымызда бірде-бір татар болмаса да біз Сабантойды тойлайтын едік. Бүгінде ол халықтық, жалпыұлттық мерекеге айналды. Бүгінгі таңда қазақ жерін 250 мың татар ұлты мекен етіп жатыр. Оның ішінде 17 мыңы Ақмола облысында тұрақтаған»,- деп атап өтіп, татар бауырларды мерекемен құттықтады.
Сонымен қатар бұл күні боз кілем төрінде бозбалалар күресіп, армрестлинг, гір көтеруден жарысып жатты. Бұл күні жасы да, жасамысы да өз өнерлерін ортаға салып, би билеп, ән салып көңіл көтерді. Байқауға қатысқандар жүлдесіз қалмады. Жұртшылық этномәдени орталықтың жұмысынан хабардар ететін стендты тамашалап, қолөнер шеберлерінің өнерімен танысты. Көкшетаулықтар Сабантойды көтеріңкі көңіл күймен тойлады.
«Қоғамдық келісім»
мекемесінің баспасөз орталығы
Ұқсас жаңалықтар
-
Көкшетауда «Қазақстан татарлары: тарихы, мәдениеті, тілі, әдебиеті» атты ғылыми-практикалық конференция өтті
-
Петропавл: М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-де татар мәдениеті күндері өтті
-
Петропавлда Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Рашида Давлеткильдееваны еске алды
-
Қызылордада ҚХА балаларға Жаңа жылдық мереке сыйлады
-
Атырауда татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің есеп беру концерті өтті
-
Өскеменде қаз еттерін жинайтын уақытта тойланатын татарлардың «Казөмәсе» мерекесі аталып өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Көкшетауда «Қазақстан татарлары: тарихы, мәдениеті, тілі, әдебиеті» атты ғылыми-практикалық конференция өтті
-
Петропавл: М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-де татар мәдениеті күндері өтті
-
Петропавлда Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Рашида Давлеткильдееваны еске алды
-
Қызылордада ҚХА балаларға Жаңа жылдық мереке сыйлады
-
Атырауда татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің есеп беру концерті өтті
-
Өскеменде қаз еттерін жинайтын уақытта тойланатын татарлардың «Казөмәсе» мерекесі аталып өтті