Қазақстан халқы Ассамблеясы

27 Сәуір, 2020

675

ҚХА-Атырау: Назарбаев жолы – қазақ жерінің ұлы тарихы


Атырау өңіріндегі этномәдени үдерістердің оңтайлы жүруіне «Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы оң ықпалын тигізді. Құжатта атап өтілгендей, көне замандардан бұл жерді мекендеп келе жатқан халықтар да, тағдыр талайымен келіп қоныстанған ұлт өкілдері де осы Атырау өңірінде келісімі жарасып өмір сүріп келеді.

Облыстық Ассамблея хатшылығы өзінің жұмыс жасаған алғашқы жылдарынан бастап өңірдегі кадр дайындау жұмыстарына үлес қосқан болатын. Мысалы, 1995 жылы жоғары оқу орындарына өзге ұлт өкілдері жастарының қабылдануына 10 пайыз квота бөлінген еді. Соған сай Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне 13 ұлттың өкілі оқуға қабылданды. Облыстық әкімдік тарапынан «Бірлік үшін» арнайы сыйақы, университет студенттері үшін арнайы шәкіртақы тағдайындалды.

Еліміздегі ұлтаралық келісімді сақтау, интеллектуал ұлт қалыптастыру, жастарды ғылымға тартуда Қазақстан халқы Ассамблеясы дәстүрлі ұйымдастырып отырған ғылыми жобалар байқауының рөлі зор. Менің өзімде 2017 жылы осы жоба байқауының жеңімпазы атансам, кейінгі жылдары да көптеген жастардың белсенділік танытып, тиімді ғылыми ой-тұжырымдарын ұсынғанының куәсі болдым.

Сәуір айының басында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» мақаласы халықты бірлікке шақырған, қиын кезде қолдау бергені сөзсіз. Елбасы мақаласында аға ұрпаққа, жастарға, кәсіпкерлерге де өз ойын айтты. Қиын кезде елге аға ұрпақ толымды ақыл-парасатымен өнеге болса, жастар жастық-жігерімен игі жұмыстарды ұйымдастырып, ал кәсіпкерлер өз жұмысшыларынан басқа тұрғындарға да қолдау беріп жатыр. Жақында ғана атыраулық қыз-келіншектердің облыстағы COVID-19 індетімен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне қолдау жасау туралы бастамасына куә болдым. Бұл да қазақстандық патриотизмнің нақты дәлелдері екені сөзсіз.

Біздің басты мақсатымыз – қазақстандықтардың жаңа жалпыұлттық мұраттар мен құндылықтарды – құқықтың үстемдігін, жеке меншікті қорғауды, мемлекеттік дәстүрлерді, қазақстандық құндылықтар мен тәуелсіздік жылдарындағы табыстарды өздерінің этностық мінез-құлық модельдерінен жоғары қоюына қол жеткізу.

Барлық қазақстандықтар үшін қазақстандықтың бойында азиялықтың да, еуропалықтың да жақсы қасиеттерін шынайы сүзгіден өткізетін еуразиялық идеясы біріктіруші болып табылады.

Бүгінгі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясы және оның Атырау облыстық бөлімі елдегі және аймақтағы ұлтаралық қарым-қатынастың сақталуы мен келісімнің тұрақтылығына өзіндік үлес қосып отырған маңызды қоғамдық институт.

Гүлфайруз Қайырғалиева,

Атырау облыстық ҚХА жанындағы

ғылыми-сараптамалық топ мүшесі


Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бастап ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елдегі тұрақтылықтың негізі-этносаралық келісім мен татулықты, бірлікті сақтап қалу жолында аянбай еңбек етті. Қазақ жерінің сайын даласында талай ұлтты өзіне пана тұтқан кеңпейіл, көңілі дархан қазақ халқы әр ұлттың қауіпсіздігі мен бейбіт өмір сүруіне бар күш-жігерін салды. Халқымыз әр ұлттың салт-дәстүріне, мәдениетіне құрметпен қарап, ұлтаралық келісімді нығайту жолында ел тыныштығын ойлады.

Бүгінде 100-ден астам ұлт өкілдері мекен еткен Қазақстан зайырлы мемлекетке айналды. Әлеуметтік, экономикалық, саяси жағынан әл-ауқатымыз артып, өркендей түсті. «Бірліксіз ел тозады, бірлікті ел озады» дегендей, талай зобалаң жылдарды, қиын-қыстау кезеңді еңсерген қазақ халқы елімізде болып жатқан дағдарысқа қарамастан бірлік пен татулықты ту етіп келеді.

Бүгінде Атырау облысы ҚХА мүшелері құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесе халық арасында кеңінен түсінік жұмыстарын жүргізіп, ұлттардың тұтастығы мен бірлігін, татулығы мен достығын насихаттайтын мәдени-танымдық шаралардың өтуіне себепкер болып келеді. Елімізде дәстүрлі өтетін 1 наурыз - Алғыс айту мерекесі мен 22 наурыз қарсаңында өңіріміздегі өзге ұлт өкілдері мен Ассамблея мүшелері қазақ тілінде ғұлама Абайдың даналық сөздерін нақышына келтіре оқып, ән салып, қазақтың қара домбырасымен күй шертіп, қазақ халқына алғыстарын жаудырса, карантин уақытында «Біз біргеміз» акциясы аясында қамкөңіл жандарға көмек қолын созды. «Ынтымақты елге бақ қонар» деп дана халқымыз айтқандай, бұның өзі бейбітшілік туы астында ынтымағы жарасқан өңірдің татулығын айқындап тұрғандай.

Атырау облысы ҚХА-ның этномәдени бірлестіктері жергілікті мемлекеттік қызмет орындарымен тығыз қарым-қатынас орнатып отыр. Мемлекеттік тіл саясатын жүргізуде облысымызда өнер мәдениетін дамытуда және жастардың бойында отанға деген патриотизмді дамыту бағытында қоғамда үлкен рөль атқаруда. Өзге ұлттың жастары мемлекеттік тілді меңгеріп, қазақ ақындарының ән-күйлерін еркін жырлай алады. Бұл тіл мен дінге бөлінбей, қазақ жерінде ұлтаралық бірліктің жарасқаны деп білемін.

Жанар Ильясова,

Атырау облысы ҚХА «Қоғамдық келісім»

КММ-нің басшысы


Қазақстан жеріне көшіп келгенше мен көп қиындықтарды бастан кешірдім. Мың сүрініп, мың тұрдым десе де болады. Жас күнімде ылғи бір кедергілер болатын. Ал, қазақ жері менің өмірімді түбегейлі өзгертті. Қазақтардың мейірімділігі мен мықтылығы маған үлкен күш-қуат берді.

Алғашқы жылдары елге келгенде газет беттерінде Нұрсұлтан Назарбаев туралы көп оқитынмын. Бірде теледидардан ол кісінің сөйлегенін көріп, шешендігіне тәнтті болдым. Осыдан 20 жыл бұрын Қазақстан Президентімен кездесіп, танысасын десе, сенбес едім.

Мен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлымен ең алғаш рет осыдан тура 13 жыл бұрын Атырау өңірінде кездескен болатынмын. Әлі есімде, желтоқсанның суық күндерінің бірі. Сол жылдары мен өз кәсібімді қалыпқа келітіріп, сауда-саттық саласында тек-тек дамып келе жатқан кәсіпкер едім. Біздің цехтын өнімдерін көрген Елбасы «Дәмді көрінеді!» дегенде, ішкі дүниемді мақтаныш кернеді. Кездесу барысында цехтағы жұмысшылардың жағдайы туралы, олардың еңбек ақылары қандай деп сұрады. Кейін екеуміз облыстың экономикалық ахуалын, елдегі ұлтаралық келісім мен тұрақтылық жөнінде ұзақ сөйлестік. Риза болдым. Екеуміз баяғыдан бері танитындай еркін сөйлестік. Бұл жерде мен Нұрсұлтан Әбішұлының өте қарапайымдылығын аңғардым.

Кейін мен ол кісімен этномәдени бірлестік жетекшісі ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясының сессияларында бірнеше мәрте кездескен едім. Ал, ең соңғы рет ол кісімен 2019 жылы жүздестім.

Сессиядағы кездесулердің бірінде қолымнан қысып, «елге отандық өнімдер қажет, сондықтан сізге үлкен үміт артамын» деген болатын. Бұл сөзі менің мәңгі жадымда қалды.

Елбасымен болған әрбір кездесу маған үлкен серпіліс беретін. Оның әрбір сөзінен халқыма болсын деген ниетін байқай аласын.

Назарбаев жолы – қазақ жерінің ұлы тарихы десем артық болмас. Ол Қазақстанның болашағы үшін қолынан келетіннің бәрін жасады. Менің ол кісіге деген құрметім де, алғысым да зор.

Зураб Бобохидзе,

«Иверия» грузин этномәдени бірлестігінің төрағасы

Кейін қарай