Қазақстан халқы Ассамблеясы

04 Сәуір, 2022

469

ҚХА-ның трансформациясы қоғамдық құрылымдарға өз септігін тигізеді

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Қоғамдық келісім» РММ директоры Ғалымжан Құсманғали жүргізіліп жатқан реформалар аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық құрылымдары қызметіндегі жаңа тәсілдер туралы айтып берді.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда Ассамблеяның қоғамдық құрылымдарының басты назарында Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауының міндеттері тұр.

«Бұл орайда Жолдаудың міндеттері мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылын күшейтуді, жұмыс тәсілдерін жүйелі түрде жаңартуды, реформаларды іске асыруға қоғамдық құрылымдар мен белсенді азаматтарды кеңінен тартуды талап етеді. Қоғамдық құрылымдардың зор әлеуетін жаңа Қазақстанның жаңа мүмкіндіктерінде тиімді іске асыруға болады», – деп атап өтті Ғалымжан Құсманғали.

Бүгінгі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясы жанында бес қоғамдық құрылым жұмыс істейді. Бұл Аналар кеңесі, Медиация кеңесі, Қоғамдық келісім кеңесі, «Ассамблея жастары» РҚБ, сондай-ақ Журналистер клубы.

«Жаңа Қазақстан – бұл қоғамдық құндылықтарды қайта жүктеу және қоғамдағы әлеуметтік, сондай-ақ, басқа да проблемаларды еңсеру, бұл біздің бірлігіміз бен қоғамымыздың жаңа сапасы, біздің өміріміздің жаңа адами өлшемі және адами капиталға басты назар. Алға қойылған міндеттерге сүйене отырып, біз Қазақстан халқы Ассамблеясының барлық құрылымдарының қоғамдық келісімді нығайту және сақтау игілігі үшін үйлесімді жұмыс істеуін күтеміз», – деді «Қоғамдық келісім» РММ директоры.

Сондай-ақ, баспасөз конференциясы барысында Ғ.Құсманғали ағымдағы жылғы 29 сәуір күні «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» күн тәртібімен өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясы отыз бірінші сессиясының жаңа форматта өтуінің кейбір егжей-тегжейін ашты.

Кейін қарай