Қазақстан халқы Ассамблеясы

29 Мамыр, 2020

1090

Халықаралық on-line конференцияға қатысушылар тарихи әділдікті қалпына келтіру мәселесін талқылады

Бүгін, 29 мамырда Нұр-Сұлтан қаласындағы Достық үйінде «Қазақстан: тарихи тағылым саясаты» халықаралық on-line-конференциясы өтті.

Конференция Қазақстан халқы Ассамблеясының Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты жыл сайынғы халықаралық жобасы аясында ұйымдастырылды.

Оn-line-конференция жұмысына ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Д.Ә.Абаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ж.Қ.Түймебаев, Ресей халықтары Ассамблеясы Кеңесінің төрағасы, Еуразия халықтары ассамблеясы Бас хатшылығының басшысы С.К.Смирнова, Беларусь Ұлттық Жиналысы Өкілдер Палатасының депутаты П.Л.Жданович, Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінің президенті, Ресей Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы Е.И.Пивовар, сценарист, режиссер, «АЛЖИР» тұтқыны Лидия Френкельдің немересі Д.Д.Виолина, ҚР Президенті Мұрағатының директоры Д.Ю.Әбдіқадырова, ҚР Парламенті депутаттары, шетелдік және қазақстандық сарапшылар мен ғалымдар, жазаланғандардың ұрпақтары, ҚХА мүшелері, шығармашылық және ғылыми зиялы қауым, Ассамблеяның ғылыми-сарапшылық қоғамдастығы, мемлекеттік органдар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Шара барысында спикерлер ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.А.Назарбаевтың қазақ халқына қатысты тарихи әділдікті қалпына келтірудегі рөліне тоқталды.

Революция, Азамат соғысы, 1921-22 жылдардағы ашаршылық, ұжымдастыру және 1932-33 жылдардағы ашаршылық салдарынан миллиондаған қазақ туған жерін тастап, жан сауғалап, дүние жүзіне шашырап кетуге мәжбүр болды.

«Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жазықсыз жапа шеккен қандастарымыздың өз отанына оралуын армандады. Ол 1992 жылғы 28 қыркүйекте Алматыда әлемнің 30 мемлекетінде тұратын қазақтардың басын қосып, Дүние жүзі қазақтарының бірінші құрылтайын шақырды. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы құрылды және шетелде тұратын қазақтарды және Отанына қайтып келген қандастарымызды қолдау мақсатында «Отандастар» қоры құрылды. 2017 жылы өткен Дүние жүзі қазақтарының V құрылтайына 39 елден келген 800-ден астам қазақ диаспорасының өкілдері жиналды. Елбасы бұл жиында сөйлеген сөзінде: «Біз Тәуелсіздік жылдарында алыстағы ағайынды қолдауды естен шығарған емеспіз. Шетелден 1 миллионға жуық қазақты елге көшіріп алып, қолдан келер барлық көмегімізді жасадық» деп атап өтті. Ұлт Көшбасшысы өз халқына және туған жеріне адал әрбір қазақ үшін Қазақстанның есігі әрқашан ашық екенін еске салды. Жұмыстың маңызды бағыты Алаш Орда партиясын тарихи, саяси және құқықтық жағынан ақтап алу болды. Нұрсұлтан Назарбаев Ассамблеяның IV сессиясында Алаш партиясына қатысты Қазақстанның тәуелсіздігі - оның ішінде «ұлттық зияткерлік элитаның ешқашан тоқтатылмаған жұмысының нәтижесі» деп атап өтті. Ол Алаш Орда идеялары мен Қазақстанның қазіргі дамуының өзара байланысын көрсетті. Сондықтан Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Мыржақып Дулатов, Мұхамеджан Тынышбаев, Мағжан Жұмабаев және басқалары ел тәуелсіздігінің тарихи тікелей ізашарлары болып табылады.

1988 жылы Қазақстан Компартиясы ОК қаулысымен қазақ интеллигенциясының көрнекті өкілдері: Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов т.б. ақталды. Қазіргі уақытта архив материалдарын зерттеу жұмыстары жалғасуда. Елбасының тағылым саясатының тағы бір бағыты қазақ ұлттық интеллигенциясы өкілдерін толықтай тарихи ақтау болып табылады.

ХХ ғасырдың 40-50 жылдары Ермұхан Бекмаханов, Ахмет Жұбанов, Бекежан Сүлейменов, Қасым Аманжолов, Қаныш Сәтпаев және Мұхтар Әуезов қуғын-сүргінге ұшырап, КСРО Ішкі істер халық комиссариаты жалпы саны 3720 адамды «агент» деп тауып, 183 ұйымды «әшкереледі». Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев өз сұхбатында: «жаппай қуғын-сүргіндерді, оның ішінде Қазақстан аумағында да болған қуғын-сүргіндерді ұмытуға болмайды... қазақ зиялылары түрмелерде Сталиндік сатраптардың қолынан іс жүзінде жазықсыз қаза тапты» деп атап өтті.

Әрқайсымыздың азаматтық әрі гуманистік парызымыз – тарихымыздың қасіретті беттерін ұмытпауды ұрпақтарымызға айтып, жеткізу. Олар үшін бұл – бірлік пен келісім сабағы, жалпыұлттық сананы қалыптастыруға апатарын жол. Бүгін жекелеген секциялық отырыстар өткізіліп, оларда конференция тақырыбы жан-жақты талқыланатын болады. Форум жұмысына сәттілік тілеймін», - дей отырып, Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев карантин жағдайында өтіп жатқан жобаға онлайн қосылғандардың барлығына ризашылығын білдірді. Пленарлық отырыс «Депортация. Репрессия. Тағылым.» және «Ашаршылық. Соғыс. Тәлім» тақырыптарындағы панельдік сессиялармен жалғасты. Сондай-ақ қатысушыларға ҚР Президенті мұрағатының тарихи-құжаттық көрмесі, КарЛАГ және АЛЖИР музей-мемориалдық кешендерінің материалдары бойынша таныстырылымдар ұсынылды.

***

«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» жобасының мақсаты – жалпыұлттық тарихи сананы қалыптастыру, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының құндылықтар қағидатында қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту.

«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» халықаралық жобасының іс-шаралары тұңғыш рет 2010 жылы ТМД-ға мүше мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастығының мемлекетаралық қорының (ГЫМҚ) қолдауымен Астана қаласында және «АЛЖИР» музей-мемориалдық кешенінде ұйымдастырылды. Іс-шара аясында ҚР Президенті жер аударылған және қуғын-сүргінге ұшырағандардың 12 мемлекеттен келген ұрпақтарын қабылдады, олар жапа шеккен халықты есте сақтау мәселелері талқылады. Іс-шара барысында ТМД елдері тарихшыларының «Тарихтан – қазіргі заманға» атты бірінші форумы өтті, оған 300-ден астам отандық және шетелдік тарихшылардың ғалымдары қатысты. Форум қорытындысы бойынша тарихи мұраны зерделеудің бірыңғай тәсілдерін әзірлеу жөніндегі Астана хартиясы қабылданды.


2011 жылы еске алу эстафетасын Қарағанды облысының Долинка кентінде қалпына келтірілгеннен кейін ашылған Саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейі қабылдады. Бұл іс-шара өткен ғасырдың 30-шы және 40-шы жылдары Кеңес өкіметінің мемлекеттік терроры жүйесінде қуғын-сүргінге ұшырағандарға арналған ең үлкен лагерьлердің бірі КарЛагтың құрылғанына 80 жыл толуымен қатар келді. Ш.Айманов ат. «Қазақфильм» АҚ аталған жоба аясында ҚХА қолдауымен Қазақстанға жер аударылған халықтар (режиссері С. Тауекел, сценарист Л. Сон) туралы баяндайтын «Жерұйық» көркем фильмін шығарды. ҚХА аясында Қарағанды қаласында Астана қаласы арқылы «АЛЖИР – КАРЛАГ» атты автошеру өтті.

2012 жылы «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» жобасы 30-шы жылдардағы жаппай ашаршылық құрбандарын еске алудың 80 жылдығына және Қазақстан халықтарының жер аударылуының 75 жылдығына орай өткізілді. Астана қаласында «Ашаршылық құрбандарына есерткіш» монументі ашылды. Этномәдени бірлестіктердің бастамасымен Алматы облысы Қаратал ауданы, Үштөбе қ. Бастөбе тауының етегінде халықты алғашқы жер аударған жерде «Қазақ халқына мың алғыс» монументінің іргетасы қаланды.

2013 жылы іс-шаралар Оңтүстік Қазақстан облысында «Қасірет» мемориалының жанында өтті; облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейінде саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтарымен кездесу өтті. Ж. Шанин ат. облыстық драма театрында «Тарих трагедиясы» атты музыкалық-драмалық композиция қойылды.

2014 жылы Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында: «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» халықаралық форумы, «АЛАШ феноменіне заманауи көзқарас: тарих сабақтары және біріктіруші тұжырымдар» атты ғылыми-тәжірибелік конференция, «Есте сақтау үшін...» акциясы және митинг өтті.

2015 жылы жобаға қатысушылар Орал қаласының Жымпиты ауылында болды, жоба аясында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «ҚХА - 20 ізгі іс» қайырымдылық акциясы; депортация, саяси қуғын-сүргін құрбандарын және ҰОС ардагерлерін еске алу асы; «Әйел денсаулығы – ұлт денсаулығы» әлеуметтік кеңес беру; жастарға арналған «Құрмет. Түсіну. Келісім» әлеуметтік тренингі ұйымдастырылды.

2016 жылы «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» жобасы аясында Жезқазған қаласы мен Ұлытау кентінде (Қарағанды облысы) ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің кеңейтілген отырысы; «Еске алу аллеясы», «Теңдессіз сый» акциялары және еске алу акциясы; «Халықтың қасіреті ұмытылмайды!» құжаттық-экспонат көрмесі; «ХХ ғасырдың 30-50 жж. саяси қуғын-сүргін» тақырыптық көрмесі; тарих сабақтары және т.б. іс-шаралар өтті

2017 жылы «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» жобасы аясында Қызылорда облысында, Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында ауқымды іс-шаралар өтті. Қорқыт ата: «Тарихи жады және тағылым – рухани жаңғырудың негізі» атты ғылыми-практикалық конференция; «Қазақстан тарихы. Құжаттар мен материалдар (1917-2012)»; «Тар жол, тайғақ кешу» тарихи-құжаттық көрмесі өтті.

2018 жылы іс-шара жобасы аясында Ақтөбе облысында: «Қазақ халқына мың алғыс» монументіне гүл қою рәсімі, «Бестамақ» ауылында ҚХА-ның «Жаңғыру жолы» РЖҚ, «Тағзым» республикалық тарихи-экологиялық акциясы бастау алды, «Тарихи жады – рухани жаңғырудың негізі» тақырыбында бейбітшілік сабақтары, «Аялы алақан» қайырымдылық акциясы, «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым: тарлан тарих тарихи зерде» атты халықаралық дөңгелек үстелдер өтті. («Нұр Отан» партиясының ғимараты»); «Жастар жобасындағы тарихи естелік. Жастардың «Связь поколений» саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтарымен кездесуі (Достық үйі), митинг және «Түйе төбе» мемориалына гүл шоқтарын қою («Түйе төбе» алаңы), ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіштің ашылуы (тұрғындар қалашығы), «Рухани жаңғыру жолындағы тарих тағылымы» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияның пленарлық отырысы, «Из истории депортаций. Казахстан. 1939–1945 гг. 3-й том» (ҚР Президентінің архиві, Ақтөбе облыстық архиві) кітабының және ҚХА мультимедиялық порталының таныстырылымы өтті.

2019 жылы «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» жобасы Нұр-Сұлтан қаласында өтті. Жоба аясында «Жарқын болашақ үшін өткенді тарихи-мәдени ұғыну» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Форум аясында конференцияға қатысушыларға «Из истории депортаций. Казахстан. 1939–1945 гг. 3-й том» (ҚР Президентінің архиві), Н.Дулатбековтың «Лев Премиров: исповедь художника Карлага» атты кітаптары таныстырылды. Елорданың оқу орындары базасында ҚХА мүшелерінің, ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамының, музей, кітапхана мамандарының, студент жастардың қатысуымен «бейбітшілік сабақтары» өтті. Форумға қатысушылар Целиноград ауданы Ақмол ауылындағы «АЛЖИР» мұражай-мемориалды кешенінде Естелік қабырғасына, сондай-ақ «Ашаршылық құрбандарына ескерткіш» монументіне гүл шоқтарын қойды. Іс-шара соңында «Қазақ еліне мың алғыс» алаңында елорда жастарының қатысуымен «Естелік вахтасы» флеш-мобы өтті.

Кейін қарай