Қазақстан халқы Ассамблеясы

25 Наурыз, 2016

1006

Кітап таныстырылымы болды

Петропавл қаласының Достық үйінде «ОБЛАСТНОЙ ПОЛЬСКИЙ КУЛЬТУРНЫЙ ЦЕНТР «КОПЕРНИК» кітабын (кітап авторы В.Ю. Корнева) таныстыру рәсімі өтті.

Таныстыру рәсімінде «Коперник» ОПМО мүшелері, этномәдени бірлестіктердің белсенділері, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттері, № 17 ҰӨОМК оқушылары, ғылыми орта өкілдері болды.

Іс-шараға жиналған қауымға арнап «Коперник» облыстық поляк мәдени орталығының төрағасы  Анатолий Антонович Крашевский сөз сөйледі. Ол мұрағаттағы автордың жұмысы, дизайнер Виталий Резуновтың шығармашылық идеялары мен «Северный Казахстан» баспасы қызметкерлерінің еңбектеріне көпшілік назарын аударды. 

Кітап 12 бөлім мен көрнекі материалдар жинақталған қосымшадан тұрады. Онда қысқаша түрде 18-ғасырдан осы күнге дейінгі Солтүстік Қазақстан облысын мекендеген  поляк этносының тарихы, орталықтың поляк тілін, поляк мәдениетін, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сақтау және насихаттау бойынша қызметі жазылған. Сондай-ақ «Коперник» облыстық поляк мәдени орталығының Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық бірлестіктерімен, Қазақстанның поляк ұйымдарымен қарым-қатынастары, еліміздің оқу орындары және азаматтық патриотизм, ұлт бірлігі, Қазақстан халқының рухани және мәдени қауымдастығы, мәдениаралық өзара әрекеттің, этносаралық келісім мен толеранттылықтың идеяларын қалыптастыру және тарату бойынша векторлық ынтымақтастық мәселелері жазылған.

Кітаптың шығуына байланысты Д.Г. Хасанова («Түрік мәдениеті» ҚБ төрағасының орынбасары), Э.Р. Ковзель («Видергебурт» Солтүстік Қазақстан облыстық неміс мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің президенті), Г.Н. Мұсабаева (заң ғылымдарының кандидаты, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ Құқықтану кафедрасының доценті), Л.А.Гривенная (М. Қозыбаев атындағы СҚМУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі және басқалары қатысушыларға құттықтау сөздерін айтып өтті.

Сөз сөйлегендер «Коперник» облыстық поляк мәдени орталығының тарихы тек бүгінгі ұрпаққа ғана емес, сонымен бірге болашақ ұрпақ білуі үшін басылып, сақталуға лайық екендігін атап өтті. Олар жаңа ұрпақ өкілдері поляк этносы мен облысымыздағы Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихында белгісіз беттерді ашатынына көмектесетініне сенеді. Ғылым өкілдері кітаптың тәрбие-білім беру және әлеуметтік мәніне назар аударды, себебі кітапта ауқымды мұрағат материалы және сталиндік режим барысындағы саяси қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғалардың естеліктері ұсынылған. «Эта работа важна не только для поляков, но и в целом для воссоздания общей картины тех времен. Опубликованные в книге документы и воспоминания – это тот недостающий сегмент, который способен показать панорамное видение происходящего в годы сталинского террора», - деп атап көрсетті Г.Н. Мұсабаева.

Л.А. Гривенная кітапты неғұрлым көп адамның оқып, жастардың онымен танысуын тіледі, өйткені бұл болашақ ұрпаққа ешқандай жағдайда сол жылдары жасалған қателіктердің жасалмауы керектігін түсінуіне көмектесетін өсиет-кітап.

А.А. Крашевский және В.Ю. Корнева барлығына ынтымақтастық үшін алғыс айтты. Орталық осы жұмыста жәрдем берген барлық тұлғаларға алғыс жариялай отырып, берілген мүмкіндік үшін «Қоғамдық келісім» КММ-ге, «Северный Казахстан» баспасының директоры И.И. Морға, дизайнер В. Резуновқа ерекше ризашылық білдірді.

   

В.Ю. Корнева, «Коперник» облыстық поляк мәдени орталығы

төрағасының орынбасары 

Кейін қарай