13 Наурыз, 2017
933
Конституциялық реформа бойынша талқылауларды қорытындылау
2017 жылғы 10 наурызда Біртұтас күні шеңбері аясында «Сервер» бизнес орталығында Қазақстан Республикасының Конституциясына қатысты енгізілген өзгертулерді қолдау мақсатымен конституциялық реформа бойынша талқылауларды қорытындылауға арналған дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобы, жастар, этномәдени бірлестіктердің басшылары мен өкілдері қатысты.
Жиын барысында Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ директоры Б. Әбілдинов өз сөзінде бұл саяси құрылымдау Республиканың демократиясын нығайтуға әрі дамытуға тікелей әсер ететінін, оның біздің еліміздің тұрақты түрде дамуына кепіл бола алатынын атап өтті. Сондай-ақ Бақытжан Сұлтанұлы мәлімдегендей, еліміздің Конституциясына енгізілген түзетулер мен өзгертулер бүкілхалықтық жан-жақты талқылау негізіндегі қолдаумен іске асырылған.
«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ ҚХА кафедрасының меңгерушісі Х. Әбубәкірова өз сөзінде ҚР Конституциясына қатысты басты өзгертулердің түйінін атады: «Бүгінгі Конституцияның негізгі үш тұғыры мынандай. Біріншіден, мықты Президент, одан әрі беделді Парламент, үшіншіден, нақты есеп жүйесіне сай жұмыс істейтін мемлекет»,-деді.
Жиынды соңында Конституциялық реформаның маңыздылығын, сондай-ақ, оның жас ұрпақтарға жүктелер жауапкершілігін Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының бас сарапшысы Г. Кобзева айтып берді. «Атап өтер түсіністікпен қарарлық жәйт, Қазақстанның келешектегі дамуы сөзсіз жастар қолында болады. Менің ойымша, бүгінгі жас ұрпақтар біздің еліміздің саяси және қоғамдық сала жүйесіне белсенді түрде атсалысуы қажет»,-деп қорытындылады Галина Владимировна.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
ҚХА АЛМАТЫДА МЕДИАЦИЯ ИНСТИТУТЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША ЕКІКҮНДІК СЕМИНАР ӨТКІЗДІ
-
Астанада мемлекеттік қызметшілерге этносаралық келісімді қамтамасыз ету саясатын іске асыру бойынша семинар-тренинг өтті
-
«САЛАУАТТЫ САНА» ЖОБАСЫ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ
-
«Ассамблея жастары» РҚБ-ның жоғары оқу орындарымен және студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарымен өзара іс-қимылын талқылау бойынша кеңес өтті
-
Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында берілген тапсырмаларын орындау бойынша дөңгелек үстел өтті
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
вчера, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
6 Шілде, 09:06
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады