
13 Қазан, 2017
868
«Латын әліпбиіне көшу – заман талабы»
Үстіміздегі жылғы 13 қазанда Достық үйінің мәжіліс залында қазақ алфавитінің латын әліпбиіне көшу жобасына арналған «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» атты дөңгелек үстел болып өтті.
Аталмыш іс-шараға ЭМБ жетекшілері мен белсенді мүшелері, облыстық Аналар кеңесі, ғылыми-сарапшылық топ, жастар қанатының мүшелері, филолог-ғалымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелдің модераторы – Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының басшысы Л. Төрешова өзінің алғы сөзінде:
«Латын әліпбиіне көшудің қазақ тілінің жаңаруы мен дамуына ықпалы орасан зор болмақ. Өркениетті елдердің қатарына ену жолындағы бұл бағыт бізді жаһандық кеңістікке жақындауға зор ықпал етеді. Өзіндік ерекшелігімізді айқындайтын тіліміз, салт-дәстүріміз, мәдениетіміз – бұл біздің ұлттық кодымыз болып табылады».
Қазақ алфавитінің латын әліпбиіне көшу мәселелері жөнінде Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, облыстық ҚХА жанындағы ҒСТ мүшесі А. Абасилов, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің жетекшісі Г. Гейдарова, «Тілдерді оқытудың өңірлік орталығы» МҚК-ның директоры, облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі Н. Мұсаева баяндама жасады.
Пікір алмасумен жалғасқан іс-шарада облыстық Аналар кеңесі төрайымы Р. Смаханова, қалалық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы С. Әбішев, «Қызылорда облыстық кәрістер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі В. Шин, еврей этномәдени бірлестігінің жетекшісі Л. Ли, облыстық Жастар қанатының мүшесі Е. Павлова өз пікірлерін білдірді.
Іс-шара соңын модератор қорытындылады.
Дата события ассамблеи: 13.10.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
«Мағжан Жұмабаев – заманның заңғар тұлғасы» тақырыбында жалпықазақстандық ашық диктант өтті
-
«Бүгінгі заман ертегісі» республикалық байқауының қорытынды отырысы
-
«Саяси қуғын-сүргін: тарих тағылымы және қазіргі заман» тақырыбындағы форумы өтті
-
Қызылордада заманауи ұлттық әйелдер киімінің көрсетілімі өтті
-
Ақтөбеде «Медиация – уақыт талабы» атты халықаралық конференция өтті
-
Көкшетауда «Тарих тағылымдары және қазіргі заман» атты дөңгелек үстел өтті
27 Маусым, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
27 Маусым, 14:52
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
27 Маусым, 14:47
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
вчера, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
«Мағжан Жұмабаев – заманның заңғар тұлғасы» тақырыбында жалпықазақстандық ашық диктант өтті
-
«Бүгінгі заман ертегісі» республикалық байқауының қорытынды отырысы
-
«Саяси қуғын-сүргін: тарих тағылымы және қазіргі заман» тақырыбындағы форумы өтті
-
Қызылордада заманауи ұлттық әйелдер киімінің көрсетілімі өтті
-
Ақтөбеде «Медиация – уақыт талабы» атты халықаралық конференция өтті
-
Көкшетауда «Тарих тағылымдары және қазіргі заман» атты дөңгелек үстел өтті