Қазақстан халқы Ассамблеясы

14 Сәуір, 2022

1441

«Ұлттық киім – ұлт айнасы» фоточелленджі бастау алды

Қызылорда облыстық ҚХА жанындағы Журналистер мен сарапшылар клубы «ҰЛТТЫҚ КИІМ - ҰЛТ АЙНАСЫ» атты фоточелленджді бастайды.

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған фоточеллендждің мақсаты – еліміздегі ұлт пен ұлыстың мәдениеті мен ұлттық киім сырларынан сыр шертетін тарихын көрсету.

Олай болса, өз ұлттық киіміңізді киіп түскен суретіңізді әлеуметтік желіге жүктеп, #Ұлттық_киім_ұлт_айнасы хэштегін пайдалана отырып, Қызылорда Ассамблея парақшасын белгілеп, белсенді түрде челленджді қолдауға шақырамыз!

Кейін қарай