Қазақстан халқы Ассамблеясы

21 Қыркүйек, 2021

440

Ұлттың ұйысуы – одан әрі дамудың басты факторы

Ақтау қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін насихаттауға арналған «Ұлттың ұйысуы – одан әрі дамудың басты факторы» атты республикалық лекторийі өтті.


Республикалық лектория аясында ҚХА медиация институтын дамыту бойынша семинар – тренинг өтті. Семинарға ҚР АҚДМ этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары – Үйсімбаев Еркін, ҚХА құрылымдарын дамыту және жобаларды іске асыру басқармасының басшысы — Талшин Италиева, ҚХА өңірлік медиация кеңестерінің басшылары мен мүшелері, ҚХА қоғамдық құрылымдарының өкілдері, этномәдени бірлестіктердің мүшелері, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар қатысты.


Еркін Үйсімбаев бірлік пен келісімді нығайтуға ықпал ететін, қоғамдағы құқықтық мәдениетті арттыратын, соттардың жұмысын едәуір жеңілдететін, сондай-ақ азаматтарымыздың уақыты мен материалдық қаражатын үнемдейтін медиация институтының маңыздылығын атап өтті. Қазіргі әлемде әлеуметтік - экономикалық дамудың жетістігі халықтың бірлігіне, этносаралық келісімге және конфессияаралық үйлесімділікке тікелей байланысты және біздің еліміздің одан әрі дамуы мен өркендеуінің іргетасы ретінде халықтың бірлігі мен келісімін қамтамасыз ету негізгі мәселелердің бірі болып табылады.


Этносаралық қақтығыстарды реттеу жөніндегі әдістемелік оқу құралының авторы А.Сисенбаева, ҚХА республикалық Медиация кеңесінің мүшесі, заңгер, психолог әрі тренер - медиатор Шалбулова К, сондай-ақ тренер-медиатор, медиация бойынша PhD, София университетінің постдокторанты Нарбаева Г ханымдар спикер ретінде семинар-тренингті өткізуге атсалысты.

Іс-шара соңында спикерлер семинар-тренингтің барлық қатысушыларына алғыс білдіріп, барлығына сертификаттар берілді.

Кейін қарай