12 Қаңтар, 2023
558
«Мәміле» мемлекеттік тілді дамыту клубы ашылды
12 қаңтарда Ақмола облысы «Қоғамдық келісім» КММ-де «Мәміле» мемлекеттік тілді дамыту клубының ашылуы өтті. Клубтың негізгі мақсаты кәсіби сөйлеу дағдыларын қалыптастыру және дамыту, қазақ тілінде сөйлеу және тіл деңгейін одан әрі арттыру болып табылады.
Клуб қазақ тілінің болашақ филологы, «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы Мемлекеттік тілді насихаттау және дамыту орталығының жетекшісі Милана Тарасованың бастамасымен құрылды.
Милана өзінің мемлекеттік тілді оқыту бағдарламасымен таныстыра отырып, оның әдістемесі ең алдымен тыңдаушылардың ауызекі сөйлеуін дамытуға, қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, менталитеті мен құндылықтар жүйесін білу призмасы арқылы қазақ тілін үйренуге бағытталғанын атап өтті. Оның сабақтарына белгілі бір тақырыпта жұмыс істеу, талқылау, жаңа сөздер және сөз тіркестерімен танысу, тексеру және бақылау тапсырмаларын орындау кіреді.
Жасына, ұлтына қарамастан, өзінің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін одан әрі арттырғысы келетін кез келген азамат аталмыш клубтың курстарына қатысып, сабақтарын тыңдай алады.
Клубтың ашылуына Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы Тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің бас маманы А.Бекенов, Мемлекеттік тілді оқыту әдістемелік орталығының директоры Қ.Қажиахметов қатысып, сөз сөйледі.
Сондай-ақ, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Е.Нұғманов, «Қазақ тілі мен мәдениеті» ҚБ төрағасы М.Қойшин, Ақмола облысы татарлар мен башқұрттар бірлестігінің төрағасы Р.Сулькарнаев, облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Б.Ақансері барлығын клубтың ашылуымен құттықтап, оның жұмысына сәттілік тіледі.
«Мәміле» мемлекеттік тілді дамыту клубы апта сайын сенбі күні облыстық Достық үйінде жұмыс істейтін болады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
-
ҚХА Жас ғалымдар клубының «Қазақша мазмұн» атты жобасы іске қосылды
-
ҚХА Төрағасының орынбасары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры және Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі директорымен кездесу өткізді
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы