04 Сәуір, 2015
1428
Мәскеуде Ресей және Қазақстан тәжірибесі негізінде этноаралық қарым-қатынастар тақырыбы талқыланды
2 сәуірде Мәскеуде орналасқан «Россия сегодня» ақпарат агенттігінің мультимедиялық баспасөз-орталығында Ресей халықтар ассамблеясының және Ресей ғалымдар академиясы Шығыстану институтының қамқорлығымен «ТМД кеңістігіндегі этноаралық қарым-қатынастар: Ресей мен Қазақстанның тәжірибесі» атты тақырыппен дөңгелек үстел өтті.
Қатысушылар ТМД кеңістігендегі елдердің ұлттық саясаттары ерекшеліктерін қарап өтіп, этно- және дінаралық ынтымақты сақтау мәселесінде екі елдің тәжірибелерін талдап шықты, және ағымдағы қауып-қатерлердің қазіргі қалыптасып жатқан саяси-әлеуметтік үдерістерге ықпал ету деңгейін айқындауға тырысты.
Іс-шараны бастау сөзінде Ресей халықтар ассамблеясының төрағасы Светлана Смирнова Қазақстанда мемлекет пен ұлттық-мәдени бірлестіктерінің арасында өзара табысты қатынастардың ерекше тәжірибесі қалыптасқанын айтты. Сондай-ақ, ол Қазақстан халқы ассамблеясы ресейлік әріптес ассамблеясынан бұрын құрылып, оған үлгі береді дейді. Оның пікірі бойынша, ассамблеяны Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз жеке басқаратыны осы ұйымның қоғамдағы ерекше маңыздылығының көрсеткіші.
«ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы бастаманы Қазақстан халқы ассамблеясы ұсынғанын логикалық тұрғысынан өте орынды деп есептеймін, себебі өз мемлекет басшысына сенім білдіру деңгейін көрсету аса маңызды, және Нұрсұлтан Назарбаев ең жоғары процент алатынына сенемін», - деді Смирнова.
Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары (ҚХА) Анатолий Башмаков өз кезегінде әлемдік тарихта соңғы уақытқа дейін ұлттық мәселесін тек екі жолмен шешуге мүмкін болатын: Еуропа елдерінде кең тараған «мультикультурализм» тәжірибесі бейнесінде секілді барлық этностар бір «қазан ішінде» араласатын, немесе елдің атауын берген ұлтқа басымдық берілетін. «Қазақстан болса, өз көп ұлтты халқын белгілі үлгілерге тықпай, ерекше үлгісін қалыптастырды. Осымен, ұлттардың алуан тірлігі жойылмай, керісінше көп ұлттық Қазақстан халқы бірлестігінің рухани негізіне айналды. Барлығымыз өзімізді бір елдің азаматтары болып сезінеміз, сонымен де өз тарихи түптерімізді, ұлттық ерекшеліктерімізді және тілімізді ұмытпауға тырысамыз», - деп айтты А.Башмаков.
Оның сөзі бойынша, Қазақстанның ұлттық саясатының архитекторы президент Нұрсұлтан Назарбаев болып қалуда. Кезектен тыс президенттік сайлауын өткізу бойынша ұсынысты Қазақстан халықтар ассамблеясы жариялағаны бекер емес. А.Башмаков ҚХА-ны этносаясат жүйесіндегі этнолық төзімділік пен ұлтаралық қарым-қатынастар нығайтудағы рухани және әдіснамалық орталығы деп атап шықты. - ҚХА барлық қазақстандық қоғамының рухани құндылығы және біріктіру күші болып қалуда, - мәлімдеді А.Башмаков.
Мәскеу Карнеги орталығы ғылыми кеңесінің мүшесі Алексей Малашенко этноаралық ынтымақ мәселесін ылғи өзгеріліп тұратын ауа райымен салыстыра отырып, керек жағдайда пайдалануға болатын қолшатырды құрастыруды және әр кезде қандай болса да ахуалға дайын болу қажет деп санайды. - Қазақстан шынайы тиімді ұлттық саясат жүргізетін әлемдегі аз елдерінің бірі, - деді ол. А.Малашенко ҚР мемлекет басшысы іске асырып отырған ұлтаралық саясатты әлемдегі ең табыстыларының біріне жатқызатынын және бұл Қазақстандағы ішкі мемлекеттік тұрақтылығының негізін құрайтынын айтып өтті.
Сонымен қатар, сарапшының зерттеуі бойынша, еліміздегі ұлттық саясат үлгісінің ерекшелігі көп ұлттар бір аумақта бейбіт тұру дәстүрімен, этникалық және діни артықшылыққа жол берілмейтінмен, көпшілік арасында төзімді мінез-құлық мәдениетінің қалыптасуымен сипатталады.
Аймақтық мәселелер институтының бас директоры Дмитрий Журавлев өз сөзінде Қытайдың көне тарихында айтылғандай дәрігерге емделуші науқастаған кезінде емес, аман сау болып жүрген кезінде айлық төленгені туралы мысал келтірді. "Сонымен, Қазақстан халқы ассамблеясы емделушінің дені сау кезіндегі дәрігер секілді қызмет етуде", - деді ол. Алайда, бұның басты себебі мемлекет басшылығының ассамблеяға жеткілікті саяси назар беріп отырғанның арқасында мүмкін болып отыр, - деп мәлімдеді Д.Журавлев.
Ғалымның пікірі бойынша, ұлттаралық проблемасының әр кездегі басты себебі - кедейшілік пен келешексіздікте. Қазіргі кезде жер шарында шиеленіскен түрлі этноаралық дағдарыстардың негізінде әлеуметтік теңсіздік факторы жататындығына көптеген растаулар бар, - деп тәмамдады ол.
Алматы қаласында орналасқан ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты штаб-пәтерінің басшысы Мәдина Нұрғалиева еліміздегі этноаралық ахуалды сипаттайтын әлеуметтік зерттеулер көрсеткіштерімен бөлісті. Оның мәліметіне сәйкес, Қазақстандағы түрлі этникалық топтар өкілдерінің 88,7% елімізде өздерін жақсы сезінеді, 61,8% өз тұрып жатқан аймақтағы ұлтаралық қатынастарды тату деп бағалайды, 28,9% - нейтралды деп санайды. Азаматтардың 75% - басқа этнос өкілдерімен іс жүргізуге, 90% астамы - бір ұжымда оқуға және қызмет етуге, көрші және дос болуға, 63% - өзге ұлттың өкілімен отау құруға дайын. М.Нұрғалиеваның айтуынша, отанымызда азаматтық және этникалық бағыттарды қамтитын Қазақстан Ұлтын қалыптастыру саясаты жүзеге асырылуда. Бұл үдерістің қиындығына қарамастан, дәл осы себептен Қазақстан сезімді ұлтаралық дауластардан сақ болып қалуда, - деді сарапшы.
Халықаралық түркі академиясының сарапшысы Тимур Козыревтың айтуынша, этноаралық ынтымақтың қазақстандық үлгісі - болашақта қауыпты нәрселер көпшілікке шығармайтын төзімді мінез-құлықтың ерекше мәдениетінің қалыптасқандығында болуда. Қазақстанда өзге елдерге қарағанда аталмыш төзімді мінез-құлықтың мәдениеті жұрттың барлығына таралып, түрлі этникалық пен әлеуметтік топтарымен қабылданған. Осының арқасында қазақстан қоғамы этноаралық дағдарыстарға қарсы жоғары иммунитетке ие болып отыр. Бұған күмән келтіргендер осы феномен кеңес одағының жетістіктерінен пайда болып отыр дейді. Алайда, бұл көзқарас түпкілікті орынсыз, себебі кеңес одағының жетістіктері оған мүше болған барлық елдерге ортақ, ал Қазақстандағы бар иммунитет басқа ТМД елдерінде байқалған емес.
Мәскеу халықаралық қатынастар мемлекеттік институтының талдау орталығының директоры А.Казанцев қазіргі таңда әлемнің түрлі аймақтарында этно- және дінаралық факторларға байланысқан дауластықтар көбейгенін айтты.
- ҚР этникалық емес, азаматтық бағытпен Қазақстан Ұлтын құру бойынша табыстарға жетті, - деді А.Казанцев. Оның пікірі бойынша, елдегі қалыптасқан ұлтаралық ауызбіршілік мемлекеттік саясаттың мақсатты орындалуының нәтижесінде пайда болып отыр. - Сонымен қатар, қоғамдағы тұрақтылықты сақтау шаралары мемлекеттің экономикасын дамытуға арналған шаралармен әр кезде келістіріп отырғанын атап өту маңызды, - дейді сарапшы.
РҒА Шығыстану институты жанындағы Орталық Азияны және Кавказды зерттеу орталығының өкілі Станислав Притчин өз сөзінде Еуразия экономикалық одағы құрылымында мүше елдерінің бірлескен идеология, мәдени-гуманитарлық мәселелеріне жауапты интеграциялық органдар әзірше құрылмағанына өкініш етіп, болашақта бұндай мемлекетаралық құрылымдар пайда болатынына сенім білдірді.
Мәскеу қаласындағы Лев Гумилев орталығының директоры Павел Зарифуллин Қазақстанның этноаралық саясатының оң тәжірибесін Еуразия экономикалық одағы мүше елдеріне таратуды ұсынды.
Жалпы алғанда, қатысушылар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған және қазіргі таңда елімізде асырылып жатқан этно-және конфессияаралық қарым-қатынастыр үлігісі әлемдегі ең тиімділеріне жатқызды және ол ішкісаяси тұрақтылықты нығайтады деген пікірге келді. Сарапшылар үш тілді саясат, экономикалық реформаларға басымдық беру, қоғамда барлық ұлттар мен әлеуметтік топтардың өмірлік мүдделерін ескеру секілді Қазақстанның ел бірлігі доктринасының негізгі ережелерін ерекше атап өтті.
Іс-шара соңында қатысушылар Қазақстандағы іске асырылып жатқан этноаралық мемлекеттік саясат ел қоғамында ұлт және дін мәселелері бойынша төзімділік пен ынтымақты көрсету мәдениетінің қалыптасуына мүмкіндік берді дегенмен бірауыздан келісті. Осы тәжірибе өзге де шетелдік және ТМД мемлекеттеріне практика тұрғысынан пайдалы екені туралы көп айтылды.
Сонымен қатар, сарапшылар алдағы президенттік сайлау тақырыбына қатысты тоқталып, әлеуметтік-экономикалық, ұлтаралық және дінаралық ынтымақ саласындағы Қазақстанда қол жеткізілген оң нәтижелер арқасында елде ішкісаяси ахуалдың тұрақтылығына еш нәрсе қауәп төндірмейді деді.
ҚР РФ-тегі Елшілігінің баспасөз-қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
-
Мемлекет басшысының өкімдерімен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары тағайындалды
-
Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінде Өзбек ұлттық киімі күніне орайластырылған салтанатты іс-шара өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Наурыз мейрамымен құттықтады
17 Сәуір, 16:39
Мемлекет басшысы ҚХА Төрағасының орынбасарларын қабылдады
17 Сәуір, 09:19
Мемлекет басшысының өкімдерімен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары тағайындалды
18 Сәуір, 20:53
Астанада қазақ-орыс-ағылшын фразеологиялық сөздігінің тұсаукесері өтті
18 Сәуір, 10:56
Ақмолада ҚХА кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
вчера, 16:54
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
-
Мемлекет басшысының өкімдерімен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары тағайындалды
-
Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінде Өзбек ұлттық киімі күніне орайластырылған салтанатты іс-шара өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Наурыз мейрамымен құттықтады