Қазақстан халқы Ассамблеясы

19 Мамыр, 2016

816

Маңғыстаудағы жалпы қазақстандық диктант

Бүкіл еліміз бойынша кітапханалар мен Достық үйлерінде мемлекеттік тілде  бір уақытта өткен «Мәңгілік Ел» жалпықазақстандық ашық диктант біздің аймақта "Достық үйінде" жалғасын тапты.  ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында ұйымдастырылған іс-шараға облыс бойынша 2000-нан астам адам қатысты. ¤Олардың арасында қаладағы жоғары оқу орындарының студенттері мен мектеп оқушылары, мемлекеттік қызметкерлер және этномәдени бірлестіктердің өкілдері болды. Жалпы, "Достық үйінде" өткен диктантқа 100-ге жуық адам қатысты. Олардың ішінде әзірбайжан ұлтының өкілі Самира Абдуллаева да бар.  

Самира АБДУЛЛАЕВА: Мен өзге ұлтынан болсам да, мемлекеттік тілде диктант жазу маған аса қиын болған жоқ. Өйткені қазақ тілі менің өз тілімдей.

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру үшін атқарылып жатқан іс-шараға қатысқандардың белсенділігі жоғары. Диктантқа арналған мәтін аса көлемді емес, Мазмұны жағынан да көркем әрі патриоттық мәтін.

Маржан ЖЫЛҚЫБАЕВА - Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік инжиниринг университетінің доценті: Мақсаты - мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру. Балалардың, басқа да өкілдердің белсенділігі жоғары. Бұл біздің тілге деген құрмет. Қазақ тілін сауатты жазу үшін өте керемет іс-шара.

Аталған іс-шара жыл сайын ұйымдастырылады деген жоспар да жоқ емес.

   

 

МОӘА «Қоғамдық келісім»КММ баспасөз қызметі

Кейін қарай