Қазақстан халқы Ассамблеясы

26 Қыркүйек, 2016

2176

Маңғыстаудың танымал жерлеріне саяхат

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын  мерекелеу аясында  «Жас Қанат»  жастар ұйымы Маңғыстау облысының танымал көрікті жерлеріне саяхат жасады.

Жастарымыз саяхатты аты аңызға айналған, қасиетті тау – Шерқаладан бастады. Екінші аялдама Ақмыш бұлағында, содан кейін Маңғыстау ауданының «Көгез» аумағында орналасқан жаңа туристік этноауылға барды.

Соңғы аялдама «Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде болды. Маңғыстау облысында бәрі ата-бабаларымыз қалдырған мұрасын есте сақтап, құрметтейді. Отпан таудың жанында тілек ағашы және күш пен еркіндіктің белгісі – қасқыр мүсіні орналасқан.

Саяхат барасында аумақтың тарихы туралы, оның бай мәдени мұрасы және флора мен фаунаның түрлілігі туралы қызықты әңгімелер айтылды. Жас ұрпағымыз айтылған әңгімелерді мұқият тыңдап, көрікті тарихи жерлерге үлкен қызығушылық танытты.

Мұндай іс-шаралар, өскелең ұрпақты Отанға деген патриоттыққа тәрбиелеп, олардың туған жерінің тарихын құру жолында өз қатысы бар екендігі сезімін тудыру.

МОӘА «Қоғамдық келісім»КММ баспасөз қызметі

Кейін қарай