Қазақстан халқы Ассамблеясы

23 Қараша, 2021

402

Таразда бүлдіршіндер Достық үйіне саяхат жасады

Тараз қаласының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл толуы қарсаңында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің «№12-бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының «Туған жерім туған елім» атты танымдық экскурсиясы өтті.

Іс-шараның мақсаты - балалардың туған ел, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, этностар, ассамблея, достық үйі, достық, татулық жөнінде дүниетанымын ояту, тіл байлығын дамыту, қоршаған орта және ондағы оларға беймәлім дүниелер мен құбылыстарға білімін ашу.

Әр ұлттың ұлттық киімін киіп, арнайы дайындықпен келген өңірлік ассамблеяның ең сыйлы кішкентай қонақтары күмбезді Достық үйінің әр қабатымен танысып, көрме суреттерін тамашалады. Сондай-ақ, балабақша балалары экскурсия барысында әр ұлт туралы біраз мағлұмат алды. Мұнда жиналған әр этностың өмірі мен рухани құрамын бейнелейтін экспонаттармен де танысты.


Кейін қарай