17 Маусым, 2021
446
Марат Әзілханов этноБАҚ және этнотеатр өкілдерімен кездесті
Бүгін, 17 маусым күні Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың төрағалығымен этникалық БАҚ редакторларымен және ұйғыр, корей, неміс және өзбек театрларының жетекшілерімен кездесу өтті.
Іс-шараға республикалық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен жастары, этнотеатрлардың шығармашылық ұжым жетекшілері мен өкілдері, этникалық бұқаралық ақпарат құралдарының бас редакторлары мен журналистері, ҚХА мүшелері қатысты.
Кездесу барысында ҚХА-ның ХХІХ сессиясында берілген тапсырмаларды іске асыру бойынша Ассамблея мен этномәдени бірлестіктердің алдында тұрған міндеттері, республикалық этноБАҚ пен этникалық театрларының жұмыс жоспары талқыланды.
ҚХА мүшелері мен этноБАҚ өкілдері Ассамблеяны басқару құқығының Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтан Президент Қ.К. Тоқаевқа берілуі маңызды саяси қорытынды болғанын тағы да атап өтті. Бұл қадам Қазақстан мен Ассамблея үшін стратегиялық сабақтастықты, этномәдени бірлестіктер үшін жаңа міндеттердің қалыптасқанын білдіреді.
М.Әзілханов: «Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі интеркультурализм қағидаттарын ілгерілету негізінде әдістемелік ұсынымдар әзірлеу бойынша жұмыс жүргізуде», - деп атап өтті. Сондай-ақ, ҚХА Төрағасының орынбасары, қазақ тілін этникалық қарым-қатынас тіліне айналдыру үшін оны кеңінен насихаттаудың маңыздылығына баса назар аударды.
«Бұл мемлекет басшысының алға қойған міндеті, біз өзіміз үлгі көрсетуіміз керек, тіл үйрену аса қиын емес – үйренуге деген ынта болса жетіп жатыр», - деп қосты М.Әзілханов.
Сонымен қатар, кездесу барысында этноБАҚ және театрлармен өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша бірлескен жобалардың іске асыру мәселесі талқыланды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары М. Әзілханов Израиль Кнессетінің спикері Амир Оханамен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары М.Әзілханов В.Тенмен кездесті
-
Алматы қ. ҚХА Ақсақалдар кеңесінің ұйымдастыруымен ҚР ІІМ курсанттары ҚР спорт шеберлерімен кездесті
-
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да Көрісу күні - бірлік, достық және құрмет күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
-
«Азаматтық қоғам өкілдерімен жұмыс кезінде басқарушылық, коммуникациялық дағдылар мен құзыреттер» практикаға бағытталған курс басталды
-
ҚР Президенттік орталығы ғимаратында «Адал адам – адам еңбек» жастар форумы өтті
11 Маусым, 12:38
Ақмолада ҚХА XXVIII сессиясы өтті
16 Маусым, 23:30
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Абай облысы
сегодня, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
12 Маусым, 23:59
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы облысы
вчера, 22:45
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды