
22 Маусым, 2021
492
Марат Әзілханов ұйғыр, славян және дүнген этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен кездесті
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Президент Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов Панфилов ауданында болып, ұйғыр, славян және дүнген этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен кездесті.
«Ормандағы жұмбақ» саяжай кешенінде Марат Әзілханов алдымен ұйғыр халқының тағамдары, қолөнері және ұлттық аспаптары қойылған көрмені тамашалады. Көрмеге қойылған әр заттың тарихымен облыстық және аудандық ұйғыр этномәдени орталығының қызметкерлері таныстырды.
Жиынға ҚХА Төрағасының орынбасары, облыстық мәслихат депутаты, ұйғыр этномәдени орталығының облыстық филиалының төрағасы Зәкіржан Кузиев, Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығының төрағасы, ҚХА Кеңесінің мүшесі Шаймардан Нұрымов, облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов қатысты.
– Көпұлтты Қазақстан халқын ортақ тарих, тағдыр мен ұлы мақсат біріктіреді. Барлығымыз бір әкенің баласындай болып кеттік, – деп атап өтті Марат Әзілханов. – Татулықты ту еткен мемлекеттің басты құндылығының бірі – ұлт татулығы мен бірлігі. Оған Қазақстан халқы Ассамблеясы сынды ерекше институттың құрылуы дәлел бола алады. Егеменді мемлекеттің қалыптасуы мен өркендеуінде, ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуда және ұлтаралық келісімді сақтауда Ассамблеяның рөлі туралы шексіз айтуға болады. Құрметті ақсақалдардың өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбиелеуге қосқан елеулі үлесін атап өткен жөн. Тәуелсіздік жылдарында олар жас елдің лайықты азаматтарын өсірді. Олар бүгінде өз халқына, тәуелсіз мемлекетке белсене қызмет етуде. Олардың әрқайсының ана тілін, мәдениетін, өнерін дамытуға мүмкіндігі бар.
Марат Алмасұлының айтуынша, жастарға дұрыс тәрбие беру – елдің жарқын болашағының кепілі. Өйткені, халық бірлігіне іріткі салып, кез келген жанжалға ұлттық сипат бергісі келетіндер де бар. Сондықтан жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім мен туған жерге, өз халқына деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту қажет. Бұл тұрғыда ол Қазақстан ұйғырларының ортақ іске қосқан үлесін айтып, белгілі меценат Зәкіржан Кузиевке алғысын білдірді.
Диалог алаңының модераторы З. Кузиев қазақ халқына мықты мемлекет құру жолында бірлесе еңбек етуге мүмкіндік бергеніне ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, бір шаңырақ астында елді нығайтып, экономиканы дамытып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырды.
Демократиялық даму бағытын қолдай отырып, славян, ұйғыр және дүнген этномәдени бірлестіктері Панфилов ауданының және жалпы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қомақты үлес қосуда. Аға буынның бай мәдени мұрасын сақтап, арттыра отырып, өз халықтарының мәдениеті мен дәстүрлерін жаңғыртып, жастарды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу басты бағдар болып отыр.
– Қазақстан – сүйіспеншілік, қайырымдылық, өзара сыйластық үндескен ортақ үйіміз. Біз бір елдің баласымыз. Қазақ халқымен бірге аянбай еңбек етіп, елдің гүлденуі, тыныштығы мен татулығының шайқалмауы бағытында жұмыс істейміз, – деді қорытынды сөзінде Көктал ауылы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сайлау Сұлтанқұлов. Ұйғыр этномәдени орталағының төрағасы Азат Гаитов, Панфилов ауданының Құрметті азаматы Рехимжан Тохтахуновтар да осы тұжырымға тоқтады.
Өз кезегінде құрметті құрылысшы Тұрсын Семятов қадірменді қонақтың қарапайымдығы мен адамгершілігін айтып, Еңбекші орта мектебіне Социалистік Еңбек Ері Мариям Ниязованың есімін беру жөніндегі ұсынысын жеткізді. М. Әзілханов сұраққа тез арада жауап беріп, аудан тұрғындары мен қарияның өтінішін облыс басшылығына жеткізетінін айтты.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
ҚХА Төрағасының орынбасары М. Әзілханов Израиль Кнессетінің спикері Амир Оханамен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары М.Әзілханов В.Тенмен кездесті
-
Алматы қ. ҚХА Ақсақалдар кеңесінің ұйымдастыруымен ҚР ІІМ курсанттары ҚР спорт шеберлерімен кездесті
-
Бір апта бойы өткен этномәдени бірлестіктердің басшылары үшін практикалық-бағдарланған курс аяқталды
-
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да Көрісу күні - бірлік, достық және құрмет күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
24 Маусым, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
25 Маусым, 18:05
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
27 Маусым, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
вчера, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
27 Маусым, 14:52
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
ҚХА Төрағасының орынбасары М. Әзілханов Израиль Кнессетінің спикері Амир Оханамен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары М.Әзілханов В.Тенмен кездесті
-
Алматы қ. ҚХА Ақсақалдар кеңесінің ұйымдастыруымен ҚР ІІМ курсанттары ҚР спорт шеберлерімен кездесті
-
Бір апта бойы өткен этномәдени бірлестіктердің басшылары үшін практикалық-бағдарланған курс аяқталды
-
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да Көрісу күні - бірлік, достық және құрмет күніне арналған мерекелік іс-шара өтті