
05 Тамыз, 2021
468
Медиация – бітімгершілік кепілі
Бірыңғай республикалық Медиация күні аясында елордалық Достық үйінің «ANK LIVE» студиясында кәсіби медиаторлармен тікелей эфир ұйымдастырылды, олар Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация институтының бес жыл ішіндегі даму кезеңдері және этномедиацияны дамытудағы жаңа бағыттар туралы айтып берді.
Студия қонақтары ретінде «Нұр-Сұлтан қаласының Өзбек этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы, халықаралық сертификатталған жаттықтырушы-медиатор, ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесінің, ҚХА республикалық медиация кеңесінің мүшесі Ш.А. Пулатов және Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығы татуластыру орталығының басшысы, кәсіби медиатор, сертификатталған жаттықтырушы, «Zolotaya seredina – SM» ҚБ президенті, Қарағанды облысының медиация институтын дамыту жөніндегі жұмыс тобының мүшесі С.М. Шардарбекова сөз сөйледі.
Осы кездесудің арқасында көпшілік Медиация ерекшеліктерімен танысуға мүмкіндік алды.
Медиация тараптарға қатысты дауларды реттеудің ерекше нысаны болып саналады. Ол жанжалдардың алдын алуды және оларды сотқа жеткізбей шешуді, сондай-ақ халықтың құқықтық сауаттылығын нығайтуды көздейді. Бүгінгі таңда қоғамдық сананы жаңғыртудың жалғыз жолы – медиация институтын одан әрі дамыту.
«Медиация туралы» Заңның қабылдануы азаматтарға проблеманы шешу жолдарын таңдау еркіндігін, адам құқықтарын қорғаудың жаңа мүмкіндіктерін, азаматтық қарым-қатынастың қазіргі заманғы нысанын қалыптастыруды, проблемаларды сындарлы диалог арқылы шешуді ұсынды. Медиатордың көмегімен сіз мәселені бірнеше сағат ішінде шеше аласыз. Бұл уақыт үнемдеудің де тәсілі екендігі даусыз.
Азаматтардың кез-келген жанжалды шешу барысындағы ымыраға келуге дайындығы азаматтық жетілу мен жауапкершілігінің көрсеткіші, қоғамның құқықтық мәдениетінің даму деңгейін көрсетеді. Сондай-ақ ол Қазақстан қоғамының тұрақтылығы мен барлық әлеуметтік құрылымының беріктігін қамтамасыз етеді. Бұл «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың, қоғамда прагматизмді қалыптастырудың, бәсекеге қабілеттіліктің, Қазақстанның эволюциялық дамуының маңызды бағыттарының бірі болып отыр.
Медиация кабинетінің жұмысы нәтижесінде Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекеттік органдармен ынтымақтастыққа бағытталған меморандумдарға қол қойды. Сондай-ақ, медиаторлар жұмысының тәртібі мен бағытын айқындайтын қажетті құжаттар пакеті әзірленді.
2020 жылдан бастап біздің медиаторларымызға 300-ден астам адам медиативтік келісімдер, консультациялар және түсіндірмелер жасасу жөнінде жүгінді.
Медиаторлардың қатысуымен 38 семинар-тренингтер, дөңгелек үстелдер, ҚХА Виртуалды қабылдау орындарының қатысуымен 10 диалогтық алаң өткізілді, олардың көпшілігі онлайн режимінде өтті.
2020 жылдан бастап елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің медиаторлары мониторингтік топтың құрамына кіреді.
Пандемия кезінде медиаторлар қаланың дәріханалары бойынша, дәрі-дәрмек бағасын негізсіз көтеру фактілерін анықтау бойынша рейдтерге қатысты, гуманитарлық көмекті бөлу жөніндегі комиссияның құрамына кірді. Учаскелік инспекторлармен бірге елорда базарларындағы рейдтерге қатысып, тұрғындар арасында консультативтік көмек және түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚХА виртуалды қабылдау бөлмесі бүкіл Қазақстан бойынша тегін онлайн-кеңестер берді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қарағандыда ҚХА 30 жылдығына арналған «Ақсақалдар тағылымы – адал қоғамның кепілі» салтанатты іс-шарасы өтті
-
Абай облысында этномедиация институтын дамыту мәселесі талқыланды
-
Қостанай облысы ҚХА Этномедиация кеңесінің мүшелері 2024 жылғы жұмысын қорытындылады
-
Этномедиация саласындағы өңіраралық тәжірибе алмасу: бірлік пен келісімді нығайту
-
ҚХА АЛМАТЫДА МЕДИАЦИЯ ИНСТИТУТЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША ЕКІКҮНДІК СЕМИНАР ӨТКІЗДІ
-
Этномедиацияның базалық негіздері
1 Маусым, 18:22
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
2 Маусым, 12:07
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
1 Маусым, 09:16
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады
1 Маусым, 09:18
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
вчера, 10:59
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
Ұқсас жаңалықтар
-
Қарағандыда ҚХА 30 жылдығына арналған «Ақсақалдар тағылымы – адал қоғамның кепілі» салтанатты іс-шарасы өтті
-
Абай облысында этномедиация институтын дамыту мәселесі талқыланды
-
Қостанай облысы ҚХА Этномедиация кеңесінің мүшелері 2024 жылғы жұмысын қорытындылады
-
Этномедиация саласындағы өңіраралық тәжірибе алмасу: бірлік пен келісімді нығайту
-
ҚХА АЛМАТЫДА МЕДИАЦИЯ ИНСТИТУТЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША ЕКІКҮНДІК СЕМИНАР ӨТКІЗДІ
-
Этномедиацияның базалық негіздері