Қазақстан халқы Ассамблеясы

16 Қаңтар, 2024

101

МЕДИАЦИЯНЫҢ ДАМУ ҮРДІСІ

"Халықты құқықтық ақпараттандыру және қоғамдық медиаторларды оқыту" жобасы аясында Тараз қаласында "Қазақстан Республикасындағы медиация институттарын одан әрі дамыту" өңірлік конференциясы өтті.

Жамбыл облысында Медиация ісін дамытуды талқылауға "Халықаралық келіссөздер академиясы" қауымдастығы ЗТБ төрағасы, сертификатталған жаттықтырушы-медиатор Сабыржан Қалмұхамбетов және халықаралық жобаларды басқару қауымдастығы Төрағасының кеңесшісі мен мүшесі, IPMA "Level A" жоғары басқару деңгейіне сертификатталған Азамат Нұрлыбеков, сондай-ақ өңірлік медиаторлар мен ҚХА өкілдері қатысты.

Диалог алаңында медиацияны дамытудың маңызды аспектілері, әсіресе медиаторлар тізіміне міндеті түрде кіруді талқылау, аталмыш тәжірибенің мәртебесін арттыру, сондай-ақ медиаторларды оқыту және осы салада кәсіби мамандарды даярлау мәселелері қозғалды.

Бұл конференция тәжірибе алмасу алаңы ғана емес, сонымен қатар медиацияны дамытудың стратегиялары белсенді қалыптасқан іс-шараға айналды, бұл өңірде оны тиімді енгізу және нығайту үшін қолайлы жағдай жасайды.

Кейін қарай