10 Тамыз, 2017
783
Меморандумға қол қойды
«Қоғамдық келісім» сарайында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының хатшылығы, «Ақмола облысының іскер әйелдері» ҚБ және «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақмола филиалы арасында өзара әрекеттестік және ынтымақтастық жөніңде меморандумға қол қойылды.
Меморандумның басты мақсаты қайырымдылық акциялар, жәрменкелер және аукциондар өткізу мәселелері бойынша біріккен шаралар өндіру, осы жұмыстарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.
Елбасының тапсырмасы бойынша елімізде қайырымдылық істердің координаторы ҚХА екенін атай кету керек. Ақмола ассамблеясы хатшылығын меңгеруші Марал Жақыпова өңірде өткізіліп жатқан қайырымдылық туралы толық ақпарат берді. Оның ойынша, қайырымдылық өміріміздің үйреншікті қағидасы болу керек, болашақ мейрімділік қоғамның даму факторына айналуға тиісті. Аукциондарда ауыр науқас балаларды Түркия, Қазақстан, Ресей клиникаларында емдеу үшін қаржы жиналды. Қуантатын жағдай, аукционның лоттарын облыстық қосымша білім беру мекемелерінің дарынды балалары берген.
Ақмола облысының іскер әйелдер ассоциациасы да мұқтаждық көріп жүрген адамдарға бірқатар көмек беру, қолдау жұмыстарын атқарып келеді. Ассоциация төрайымы Дәмелі Қойшинаның сөзіне қарағанда, бірнеше қайырымдылық балдар, жәрменкелер, акциялар өтті, олардың нәтижесінде балалардың сал ауруын (ДЦП) емдеу үшін қымбат аппаратура сатып алынды. Дәмелі Қауатайқызы сонымен қатар жуырда «Рөлдегі әйелдер» атты акция-автокеруен өткенін баяндады. Оның мақсаты – мүгедектерге, дәулетсіз және көпбалалы отбастарына атаулы көмек көрсету.
«Қазақстан» РТРК» АҚ Ақмола филиалын өкілі ретінде кездесуге редактор Сәден Әлмүсаев қатысты. Оның айтуынша, телеканал қайырымдылық идеясын кеңінен насихаттап жүр, қазір арнайы берілім циклы дайындалып жатыр.
Барлық қатысушылар меморандумға қол қою өңірде қайырымдылық шараларының кеңінен дамуына септігі тиетіне сенім білдірді. Өйткені ұлы философ Жан Жак Руссо айтқандай, «Нағыз бақыт – адам жүрегіне тән жақсылық жасау».
Дата события ассамблеи: 11.08.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
ҚХА өкілдері Алматы қ. Медеу ауданының әлеуметтік қолдау орталығына барып қайтты
-
Ассамблея «Qazaq Cybersport»-қа қазақ тілінде комментаторларды дайындауға қолдау көрсетеді
-
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Көшбасшылар мектебі» жобасы басталды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы киберспортты қолдайды
-
Қызылордада Медиация апталығы аясында Отбасын қолдау орталығында кездесу өтті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
25 Тамыз, 21:37
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті