Қазақстан халқы Ассамблеясы

12 Қыркүйек, 2015

5765

«Менің отбасымның дәстүрлері» байқауы

2015 жылғы 12 қыркүйек күні Тұрар Рысқұлов саябағында Отбасы күні мерекесіне орай Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Менің отбасымның дәстүрлері» тақырыбында байқау өтті.

2015 жылғы 12 қыркүйек күні Тұрар Рысқұлов саябағында Отбасы күні мерекесіне орай Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Менің отбасымның дәстүрлері» тақырыбында байқау өтті.

Байқауға этномәдени бірлестік өкілдері, бірнеше ұрпақты қамтитын өнегелі отбасылар, ақсақалдар және аналар кеңестерінің мүшелері, жастар, қала тұрғындары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Байқауды өткізудегі негізгі мақсат отбасылық және отбасылық-туыстық қатынастарды нығайту, отбасылық дәстүрлерді дамыту және қолдау, ұрпақтар сабақтастығын сақтау, отбасылық мәдени-шығармашылық мүмкіндікті дамытуға жәрдемдесу, қазақстандық отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы институтын дамыту және нығайту мәселелеріне қоғамның назарын аудару, отбасы туралы жақсы пікір қалыптастыру, өскелең ұрпаққа отбасы жайлы дұрыс тәрбие беру болып табылады.

Байқауды Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Л.Лысова құттықтау сөзімен ашты. Байқауға «Шиват Цион» еврей мәдени орталығынан Ізбасаровтар, украиндық «Днепро» қоғамдық бірлестігінен Клименколар, «Әулиеата» қазақ мәдени орталығынан Әлиевтер, «Вынхуа» дүнген мәдени орталығынан Машанло және «Полонез» поляк мәдени орталығынан Щепановскилер отбасылары қатысты.

Байқауға қатысушыларға отбасын таныстыру, орындаушылық шеберлік, отбасылық қол өнер бұйымдарын жасау, отбасылық ауызбіршілік, отбасылық ойындарды көрсету шарттары мен талаптары қойылды.

Байқау қорытындысы бойынша бірінші орын Ізбасаровтар отбасына, екінші орын Клименколар отбасына, үшінші орын Әлиевтер отбасына берілді. Жеңімпаздарға және барлық қатысушы отбасыларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар және ертегі кітаптары тапсырылды.

Байқау арасында көрермендерге концерттік бағдарламалар ұсынылды.

 

 

Кейін қарай