26 Қараша, 2015
1079
«Мейірімділік керуені» жалпыұлттық акциясы шеңберінде ұйымдастырылған қайырымдылық шарасы
Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктер жанындағы «Жас қанат» жастар ұйымының мүшелері мен Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері «Мамандандырылған балалар үйінің» тәрбиеленушілеріне күнделікті тұрмысқа қажетті заттар, азық-түлік, ойыншықтар мен тәттілер апарып берді. Ізгі іс - Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мейірімділік керуені» жалпыұлттық акциясы шеңберінде ұйымдастырылды.

«Жанашырлыққа – жан риза» атауымен ұйымдастырылған акция барысында белсенділер тобы «Үміт» тобының тәрбиеленушілерімен жүздесіп, оларға өздерінің апарған сыйлықтарын үлестірді.
Жас қанаттықтардың қайырымды ісіне риза болған «Үміт» тобының балалары оларға рахметін айтып, өз ризашылықтарын білдірді. Кішкене балғындардың тәрбиеші апайлары да, қайырымды жандарға рахметін айтып, жүрекжарды ақ тілектерін жеткізді. Біздің балаларды елеп-ескеріп арнайы келгендеріңізге рахмет, дейді балалар үйінің бас дәрігері Светлана Жұбантурлиева. «Біздің балаларға қамқорлық танытып, келетін жандар көп. Бүгін міне сіздер де өз мейірімділіктеріңізді көрсетіп, балақайларға қажетті заттар әкеліп, оларды қуантып жатсыздар. Менің ойымша бұл өмірде сәбидің риза болған жүзінен, оның күлкісінен қымбат қазына жоқ. Кішкене балақайларымызды қуантқандарыңызға үлкен рахметімді айтқым келеді», деді ол.
Айта кетсек, Маңғыстау облыстық «Мамандандырылған балалар үйі» мелмекеттік мекемесінде 26 бала тәрбиеленеді. Олардың ішінде бағуға мүмкіндігі болмаған ата-аналардың уақытша қалдырған балалары мен мүмкіндігі шектеулі балалар бар.
Іс-шара соңында риза болған балалар мен олардың тәрбиеленушілері акция ұйымдастырушыларына рахметін айтып, естелікке суретке түсті.
МОӘА «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – МЕЙІРІМДІЛІКТІҢ БЕЛГІСІ
-
Қарағандыда ҚХА 30 жылдығына арналған «Ақсақалдар тағылымы – адал қоғамның кепілі» салтанатты іс-шарасы өтті
-
«АЗ-Бірлік» әзірбайжандар бірлестігі» ҚБ қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды
-
«Қайырымдылық керуені» республикалық форумы өтті
-
Лугмар Буларов ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: сенім және келісім» қоғамдық жобасы шеңберінде семинарға қатысты
20 Маусым, 15:06
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
18 Маусым, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
вчера, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
18 Маусым, 09:23
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті